Жерінің асты мен үсті пайдалы қазбаларға бай елімізде жер асты жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Ол заң аясында іске асса құба-құп. Арнайы орындарда бекітіледі. Экономика үшін қажет пайдалы қазбаларды зерделеу кімге тиімді, тұрғындар неге наразы?
Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аталмыш сұраққа Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы Самат Дәулетұлы мен Алматы облысы бойынша экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы Бақкелді Маратұлы жауап берді.
Алматы облысында пайдалы қазбаларды өндіретін арнаулы жерлер жеткілікті. Соның бір парасы Жамбыл ауданы Қастек, Қарғалы және Шолаққарғалы елді мекендерінің маңында орналасқан.
Аталмыш орындарда зерделеу жұмыстарын жүргізуге екінің біріне рұқсат етілмейді. Мердігерлер Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің рұқсатын алуы тиіс.
Мәселен, Жамбыл ауданы, Талап ауылдық округіне қарасты Қастек ауылының маңынан пайдалы қазбаға толы жер анықталған. «Block One Company» ЖШС геологиялық барлау жұмыстарын жүргізген. Олар 2019 жылы арнайы лицензиясын алған.
Қастектіктер экологияға алаңдаушылық білдіріп, өздері үшін өзекті мәселені көтеріп, жергілікті атқарушы органдарға базынасын жеткізген.
Тұрғындардың шағымы бойынша, мердігер компания өкілдерімен кездескен.
«Шынасыл-Сай кен орны ауылдан 22 шақыры жерде орналасқан. Заң бойынша карьер елді мекеннен 1 шақырым жерде болуы шарт. Қастек ауылының маңындағы қазба орыны заң талаптарына сай. Халыққа барлық жағдай түсіндірілді», - дейді Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Самат Дәулетұлы.
Ал, Алматы облысы бойынша Аға мемлекеттік экологиялық инспекторы Бақкелді Маратұлы карьердің экологияға аса қауіпі жоғын алға тартады.
Шынасыл-Сай кен орны 1930 жылы ашылған, оның құрамында полиметалдар және күміс, алтын сияқты асыл металдар бар. Геологиялық барлауды аяқтағаннан кейін компания 2025 жылы өндіруге лицензия алып, 2026 жылы жылдық қуаттылығы 300 мың тонна кенді флотациялау технологиясымен толық циклді фабрика салуды көздейтін алтын мен күмісі бар қорғасын мен мырыш концентратын өндіруді жоспарлап отыр. .
Аталған жоба аясында компания 12-ден 15 миллион АҚШ долларына дейін инвестиция салуды жоспарлап отыр. Сәйкесінше, әлеуметтік-экономикалық жағдайға оң ықпал етіп, 150-200-ге жуық жұмыс орнын ашылады деп күтілуде.