АҚДАЛА АУЫЛЫНДА ФАП ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ


3b319c2d-47a0-4ae2-b400-529ccb26be16.jpg

25 қазан - Республика күні мерекесі қарсаңында Ақдала ауылында жайдарман жаңалықтың куәсі болдық.  Ауысымына 30 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пунктінің ашылу салтанаты болып өтті.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов ФАП ғимаратының құрылыс жұмыстары 2023 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының аясында басталғанын айта келе, мереке қарсаңында пайдалануға беріліп отырған жаңа ғимарат ел игілігіне қызмет ете беруіне тілектес екенін жеткізіп, жиылған көпшілікті еліміздегі ең ұлық мереке Республика күнімен құттықтады.

Сонымен қатар ФАП ғимаратының құрылыс жұмыстарын жүргізген «ГрадСтройСервис» ЖШС-нің басшысына аудан халқы атынан алғыс айтты.

Келесі кезекте сөз алған Ақдала ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекен Шыбықбаев бұл ғимаратты ақдалалықтар көптен бері күткенін айта келе, осындай қамқорлық жасап жатқан Мемлекет басшысына, облыс және аудан әкімдеріне ауылдастары атынан ризашылығын білдірді.

Бұдан соң жаңа ғимараттың лентасы салтанатты түрде кесіліп, ауыл тұрғындары ел игілігіне пайдалануға беріліп от-ырған денсаулық нысанының ішін аралап, ондағы заманауи құрылғылармен танысты.

Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • - Рост международного доверия к экономической устойчивости Казахстана
  • - Қазақстан жарты жыл ішінде инвестициялық рейтингтегі өз айқындамасын 17 жолға жақсартты.
  • За январь-июнь 2026 года пассажирооборот в Казахстане увеличился на 5,1%
  • - 2026 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстандағы жолаушылар айналымы 5,1%-ға ұлғайды
  • Жаңа Конституция