ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰҒЫРЫ БИІКТЕГЕН КҮН

        Біз қашанда тәуелсіздікті ту етіп, бірлігімізді берік ұста-ған халықпыз. Ата-бабамыз ға-сырлар бойы азаттықты аңсап, егемендікке жету жолында жанын қиған батыр халықтың ұр-пағымыз. Ал, Республика күні тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры биіктеген күн.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Ен-дігі кезекте Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бас-тама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін.

Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке» деді.

Шынында да «Әділетті Жаңа Қазақстан» қоғамын құру жолын-дағы іс-әрекетіміз өзімізден басталуы керек деп санаймын.

Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап мемлекетіміздің ел болып қалыптасуына, бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріне аудан халқының қосқан үлесі де зор.

Қай сала да болмасын көш бастаған ауданымыздың экономикасы артып, халықтың тұрмыс деңгейі көтеріліп келеді. Бұл бірлік пен татулықтың арқасында қол жеткізген еңбек.

                                              Айгүл ӘШЕН, «Алтын алқа» иегері.

     Топар ауылы.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 845 МВт новых мощностей планируют ввести в Казахстане в 2027 году
  • 2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуатт іске қосылмақ
  • Заң мен тәртіп
  • Таза Қазақстан
  • Жеке меншік құқығын заң қорғайды!