Экономикаға оң әсер етеді

img-20240912-wa0021.jpg

 Кәсби мамандар атом энергетикасына көшу – жаһандық үрдіс екендігін айтуда. 

«Түркістан» газетіне сұхбат берген Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессор Инеш Кенжина атом электр стансасын салудың маңыздылғын сөз етті. – Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес қазір еліміздің электр энергиясын өндірудегі жалпы қуаты – 24,5 МВт. Бүгінде қуаты 19 МВт болатын 204 электр стансасы жұмыс істеп тұр. Болжамдарға сәйкес, 2029 жылға қарай Қазақстанның электр энергиясының балансы өзге қуат көздерін есепке алма­ғанда – 31,18 млрд кВт*сағатқа жетеді. Одан бөлек, электр стансаларының пайдаланудан шығуы, негізгі және қосалқы жабдықтардың тозуы (шамамен 66 пайыз), инвестицияның азаюы және санкциялардың ұлғаюы да энергия өндірісін төмендетеді. Электр энергиясының негізгі тұтынушысы – өнеркәсіптік кәсіпорындар және мәселе шамадан тыс тұтынуда немесе ысырапта емес. Бізде энергияны қажет ететін өнеркәсіптік технологиялар ескі, ал энергияны үнемдейтін жаңа технологияларды енгізу инвестиция тартуды талап етеді. Ал кәсіпорын иесі бұған мүдделі емес, яғни ықпал ету тетіктері аз. Мемлекеттік саясат бұл бағытта эконо­миканың энергияны неғұрлым көп қажет ететін секторларын үнемдеу арқылы іске асыруға бағыттауға тиіс. Бұл ел экономи­касындағы шығындарды қысқартуға, сондай-ақ Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында атап өтілген энергетикаға инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сондықтан АЭС салу – мәселенің оң шешімдерінің бірі болып қала бермек. АЭС салу әртүрлі салада (құрылыс, машина жасау, энергетика, ғылым, білім беру) мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Станса пайдалануға берілгеннен кейін оған техникалық қызмет көрсету және басқару үшін жоғары білікті мамандар қажет. Бұл жергілікті экономи­каға оң әсер етері сөзсіз, – деді Инеш Кенжина.

alatauaraiy.kz


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады