Әрбір азаматтың кіндік қаны тамған туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілікпен атқарған игі істеріне қарап «Елінің нағыз патриоты» деп айтуға болады. Ал туған жерін қадір тұтып, құрметтеу әр адамның перзенттік парызы.
Сондықтан да дана халқымызда «Туған жерге туыңды тік!» деп бекерден – бекер айтылмаса керек-ті. Әрқайсысы өздерінің туған жерлерін «Мысыр шаҺарына» балайтын азаматтардың бар екендігіне өткен аптаның сенбісі күні тағы бір мәрте куә болып, көз жеткіздік.
Балқаш топырағында 1968 жылы туылған қыз - жігіттер, 1985 жылы аудан көлеміндегі білім ордаларынан түлеп ұшқан түлектер өздерінің ауызбірлікпен қолға алған игі бастамаларын аяқтап, Қонаев – Бақанас тас жолының бойындағы Тасмұрын асуына жолаушылардың бір сәтке аялдап, бел жазып алуларына қолайлы демалыс аялдаманың құрылысын аяқтап, халық игілігіне пайдалануға тапсырды. Аялдаманың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Азат Құтпанбетов өз сөзінде: «Соңғы жылдары аудан азаматтары мен азаматшалары бірігіп, аудан көркіне көрік қосатын, халыққа пайдалы ізгі бастамаларды ұйымдастырып ке-леді
Дана халқымызда «Жақсы-ның жақсылығын айт, нұры тасысын!» деген жақсы сөз бар. Атқарған абыройлы істеріне сүйсініп, қысқаша тоқталып өтсем 1983 жылы мектеп бі-тірген түлектер аудан орта-лығына кіреберіс жол бойына алыстан ат терлетіп келген қонақтарды күтіп алып, жолаушыларды құрметпен шығарып салатын демалыс орынын салып берсе, 1984 жылғы бітірген аудан түлектері ауданымыздың кіреберіс қақпасы Малайсары асуына жолбарыс мүсіні кескінделген мұнаралы қақпа орнатып, демалыс орнын жасап берген болатын.
Енді міне, сол үрдіске сай ауданымыздың 1968 жылғы азаматтары Тасмұрын асуындағы үлкен жол бойына жолаушылар аялдайтын шаңырақ сипатты демалыс аялдамасын салып, халық игілігіне беріп отыр» деп көпшілікті қуанышты сәттерімен құттықтап, 1985 жылы мектеп бітірген түлектерге аудан халқы атынан алғыс білдіріп, өзінің жүрекжарды ақ тілегін арнады.
Келесі кезекте Алматы облысының және бірнеше ау-дандардың Құрметті азаматы, жерлесіміз Тынышбай Досымбеков пен аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өздерінің ауызбірліктерін көрсеткен аудан азаматтарына ризашылықтарын білдіріп, бата - тілектерін жаудырды.
Түлектер атынан сөз алған Бақытжан Өксікбаев жұмыла атқарған істің басы - қасында жүрген азаматтардың есімдерін атап, бұл жұмыста белсенділік танытқан құрдастарына риза-шылығын білдіріп, Тасмұрын асуына шаңырақ кескінді аялдама орнатудың негізгі мақсатына тоқталып, өңіріміздің өткен тарихы жайында әңгіме өрбітті.
Олардың қайсы бірінен сұрасаң да шаңырақ кескінді аялдаманы ойлап тапқан авторы Ерланбек Исаханов және құрылыс жұмысының жобалық - сметалық құжаттарын әзірлеген Талғат Сартайұлы екенін айтып, құрылыс жұмыстарына белсенді атсалысқан азаматтардың есімдерін атап, халқымызда «босағаң берік, шаңырағың биік болсын» деген қанатты сөзді негізге алып, осындай дүние жасауды бірауыздан қабылдағандарын айтудан еш жалықпады.
Ия, түлектердің қуаныштары қойындарына сыймай жүрген-дері көзге көрініп – ақ тұрды. Өйткені олар осы күнді тағат-сыздана күтті. Аманатқа қиянат жасамаған текті халықтың ұрпақтары екенін тағы бір мәрте дәлелдеген қыз – жігіттер өздеріне 1967 жылғы аға - әпкелері табыстаған аманатты мүлтіксіз орындады.
Тасмұрын асуы бұған дейін де ары – бері өткен жолаушы-лардың ат байлайтын алтын қазығы, жас жұбайлардың серуен құрып, көңіл көтеретін орыны болды. Енді, міне одан әрмен жаңғырып, сәні мен салтанаты жарасып тұр. Сәулеті жарасып, айналаға нұр шашып тұрған аялдаманың түңгі жарықтары мен бейнебақылаулары күн нұрымен қуат алатын құрылғыға жалғанған екен. Сонымен қатар ол жерде жолаушылардың бір сәтке жүрек жалғап алуларына дастарқан жаятын үстел-орындықтар арнайы шатырлардың астында орналасқан.
Аталмыш нысанды ойлап тапқан Ерланбек Исахановпен сұхбаттасқанымда, ол өз сөзінде: «Шаңырақ халқымыз-дың қасиетті алтын ұясы. Осыдан 40 жыл бұрын білім шаңырақтарынан қанат қаққан түлектер бүгінде бір – бір шаңы-рақтың иесі болып, өмірге ұрпақ тартуда. Халқымызда «Шаңырағың биік, керегең кең болсын!» деген сөз бар емес пе? Өздеріңіз көріп тұрған шаңырақ сипатында бой көтерген аял-даманың жалпы аумағы 500 шаршы метрді құраса, биіктігі 6 метр болады. Мәрмәр тастармен көмкерілген 6 тағанды қазақ үйдің аумағы 10 метр болса, шаңырақтың жалпы аумағы 4 метрді құрайды. Қазақ үйдің төрінде қақпағы айқара ашылған сандық бейнеленсе, ол жерден бақ дарыған Балқаш елінің малды Малайсарыдан айдынды Балқаш көліне дейінгі аумақты картадан көруге болады. Бұл біздің қасиетті өңірге табан тіреген жолаушының алда қандай ауылдар күтіп тұрғанын осы жерден бағыт - бағдар алуларына мол мүмкіндік жасалған» деп өзінің тай – құлындай тебісіп өскен құрдастарына ризашылығын білдірді.
Шат – шадыман шаттығы жарасқан мерекелік шараның әсерлі өтуіне сол күні ауа – райы да жәрдем бергендей болып шуақты күнде бұлт арасында жасырынып тұрды. Ара – тұра сіркіреп, Алланың нұры да көктен төгіліп, тау самалы есіп, мәре – сәре болған көпшілікке керемет әсер сыйлады.
Салтанатты шарада аудан өнерпаздары әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертіп жиылған көпшілікке көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.
Жерге келбет, елге көрік беріп тұрған жол бойынан бой көтерген жаңа нысанның лентасы салтанатты түрде кесілгеннен кейін жиылған көпшілік аялдаманың сәулетіне тамсанып, естелік суреттерге түсіп жатты.
Мәдени шара соңы 1985 жылы түлектер арасында ба-қилық болып кеткен қыз – жігіттердің рухына ас беріліп, Құран кәрім бағышталды.
Ас дастарханында да сөз кезегін алған аудан тұрғын-дары яғни 1968 жылғы қыз – жігіттердің аға - әпкелері алғыстарын жаудырып, ризашылықтарын білдіріп, бұл игі бастама әрмен қарай өз жалғасын табады деген сенім-дерінде еш күмән болмады. Салтанатты шараға арнайы келген «Халықаралық Д.А.Қонаев қорының» Президентінің кеңесшісі, Балқаш ауданының Құрметті азаматы Дәулетбек Жанботаев сөз кезегін алып, 1985 жылғы түлектер арасында шаңырақ сипатты аялдаманың сәулетін ойлап тапқан Ерланбек Исахановты «Мерей» орденімен марапаттаса, Бақыт Тілеубаев өзінің шәкірттерінің білек біріктіріп, ауқымды шараны атқарғандарына сүйсініп, ұстаздар қауымының еңбегін ақтаған түлектерге дән риза бол-ғанын жеткізді.
Осы бір сәтті мақсатты пайдаланған 1985 жылғы түлектер өздеріне 1984 жылғы түлектердің аманат етіп табыстаған эстафетасын аудандық тарихи - өлкетану музейіне өткізуді ұйғарып, аталмыш мекеменің өлкетанушысы, ауданның Құрметті азаматы Зәуреш Демеуқұловаға табыстады.
Мұнан соң өздерінің өкше басар інілері 1986 жылғы түлектерге осындай халық игілігіне жаратар дүниені жасайды деген сеніммен эстафеталарын табыстап, аманат етті. Осы шараға арнайы келген 1969 жылы туылған аудан азаматтары ағалары берген эстафетаны қабыл алып, Алла қаласа алдағы жылдары ел сүйсініп айтарлықтай дүние тұрғызатындарына дүйім жұрттың алдында уәделерін берді.
Ел үшін игі істі ұйым-дастырып, татулығы жарасқан, ауызбірлігі мен достастығы үйлесім тапқан азаматтардың бұл ісі өзгелерге үлгі боларлықтай.
Бұл бастама әрі қарай өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».