АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ЖИЫНДАР ӨТКІЗДІ

           2495da6f-016b-475f-ac2c-8517d5614fcc.jpg

            Осы аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімі Азат Құтпанбетов Береке, Ақдалаауылдық округтеріне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесу жиындар өткізді.

       Сондай –ақ бұл кездесуге аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев және бірқатар аудандық мекеме – ұйымдардың басшылары сапарлас болды. Кездесу жиындарда аудан басшысы әдеттегідей аудан көлемінде атқарылған жұмыстар жайында кеңінен баяндама жасап, алдағы уақыттарда жоспарланған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.

  d0c4e381-6974-4eff-bba7-c63b9d24d6c7.jpg

  Аудан басшысы өзінің баяндамасында «Ауыл аманаты», «Кең дала» және «Агробизнес» бағдарламалары, сондай – ақ қысқы мал азығын дайындау, бөлшек тауар айналымы, пайдаланбай жатқан жер телімдерін қайтару, ветеринария және өнеркәсіп, инвестиция салу, орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс саласы, таби-ғи газ құбырын  тарту және жол салу жұмыстары  бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға баса тоқталды.

      Береке ауылында өткен жиында ауыл тұрғындары тал кесу, мал ұрлығы және мал тұқымын асылдандыру, жанар май қоймасын салу мәселелерін ортаға салды. Сонымен қатар ауыл ішінде қараусыз қалған тұрғын үйлер қоршаланса деген ұсыныстарын жеткізді.

     Мұнан соң аудан басшысы Береке ауылдық округіне қарасты Бура ауылына атбасын бұрып, ауыл тұрғындарымен кездесу жиын өткізді.  Жиын барысында ауыл тұрғындары электр жарығының жиі сөніп қалатынын айтып, ауылдағы білім шаңырағының қазан-дығына және шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілсе, сонымен қатар  С.Сейфуллин, Төле би көшелеріне түңгі жарықтар орнатылып, ауыл ішіндегі көшелерге жөндеу жұмыстары жасалса деген ұсыныс – пікірлерін білдіріп, мал тұқымын асылдындыру мәселесі кеңінен талқыланды.

     Ал  Ақдала ауылында өткен кездесу жиында ақдалалықтар жер телімінің үлесін алу мәселесін ортаға салып, тал кесу, тұрғын үй кезегі, ауыл көшелеріне түңгі жарықтар орнату, азық – түлік бағасын бір ыңғайлы ету, кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде әңгімелер өрбітіп, егістік алқаптарға шаруа қожалықтарының тө-рт түлік түрлері жайылып, егін егумен айналысатын  шаруашылықтардың зардап шегіп жатқанын сөзден іркіп қалмады.

      Жоғарыда аталған ауылдарға барып  кездесу жиындар өткізген аудан басшысы Азат Үкітайұлы ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы бойынша же-ңілдетілген несие алып, мал шаруашылығын дамыту мәселесін ортаға салып, мемлекеттік бағдарламаға қол жеткізу үшін қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндірді.

    Сонымен қатар кездесу жиындарда аталмыш ауылдардың тұрғындары тарапынан көтерілген барлық ұсыныс – пікірлердің, өзекті мәселелердің  шешімін табуына жұмыстар жасалынатынын айтты.

                          Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр
  • Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады