ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

        16541857-86ef-464b-9b03-62aed4435603.jpg

        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы бастау алғаны белгілі.

         Осы бағытта алдыда көптеген міндеттер мен жұмыстар тұр.

  Аудан көлемінде көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу мақсатында аудандық «Балқаш Таза су» мекемесіне жаңадан  техникалар сатып алынды.

Тазалық жұмыстарын өз деңгейінде  жүргізуге жабдық-талған техникалардың кілтін аудан әкімі Азат Құтпанбетов аталмыш мекеменің басшысы Бақытжан Хамзинге табыстады.

Аудан басшысының қолдауымен сатып алынған техникалардың біреуі «DONFENG-C120S» маркалы вакумды автокөлігі су соруға арналса, ал екіншісі «DONFENG-C120N» маркалы автокөлігі арнайы қоқыс тиеуге арналған. Жаңа құрылғылар орнатылған авто-көліктердің жұмыс жүйесін қашықтықтан да басқаруға болады. Күн санап дамып келе жатқан тұрмыс-тіршілігіміздегі негізгі мәселенің бір ауыл мен аулалардың тазалығы.

Ендігі кезекте бұл жаңа техникалардың көмегімен ауыл ішіндегі күл-қоқыстарды белгіленген арнайы қоқыс төгетін орындарға жеткізіп тастауға және су сору жұмыстары еш кедергісіз атқарылатын болады деген сенімдеміз.

                                                                                             Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казахстан вступает в один из наиболее важных этапов политической трансформации — статья Токаева в «T
  • Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026–2028 жылдарға арналған
  • Правительство утвердило Комплексный план по сохранению и продвижению культурного наследия под эгидой
  • Мақала
  • Тұрғындар назарына!