“TOPJARGAN” ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНА-1 ЖЫЛ

24bdb4bc-a985-4f97-b773-959e9a3e7e8e.jpg

Осыдан бір жыл бұрын Бақбақты ауылдық округінде “Topjargan” оқу орталығы ашылған болатын-ды. Аталмыш оқыту орталығының оқы-тушысы он жылдық тәжірбиесі бар, Республикалық жарыстың “Жаңашыл педагог” және “Мейірім” төсбелгілерінің иеге-рі, Мейірім әлемді құтқарады Республикалық жобаның үздігі, авторлық бастауыш сыныптарға арналған 5-методика жұмыс дәптерінің иегері,  аудандық  “Балқаштың Ханшайымы” бай-қауының  ІІІ – ші орын иегері- Перизат Қыдырбай.

Оқыту оталығы мектеп алды даярлық сыныптан  4-ші сыныпқа дейінгі оқушыларды қамтиды. Ол жерде Ресей және Қытай методикасынан алынған арнайы қазіргі заман балаларына, ойлау қабілеттеріне оңай әрі жеңіл жазылған методикамен оқытылады. Оқытылатын сабақтарда әліппе, математика, көркем жазу, логика дамыту, сөздік қорды молайту, жылдам оқу, зейін дамыту және үй тапсырмасын орындату «даярлық» қолданылады.

«Қазіргі таңда осы орта-лықта білім алып жүрген балалар жақсы нәтижелер көрсетуде. Бұл жайында topjargan_kids, pertizat_kenesbek парақшасынан көрсеңіздер болады.

Перизат Кеңесбекқызы аталмыш оқыту орталығын ашпас бұрын оқушыларды  үйден оқытып бастаған. Бі-лім алған оқушылардан жақсы нәтиже шығып, ата-аналар-дың ризашылығына бөленіп,  екі айдың ішінде оқыту орта-лығын ашты.  Қазіргі таңда 60-қа жуық бүлдіршіндер офлайн және онлайн түрінде білім алуда.

Жақын күндері оқыту орталығы 1-жылдық мерейтойын атап өтті.  Мерекелік шарада ата-аналарға «Алғыс хаттар» табысталып,  оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды. 

Ауыл балаларының жан-жақты білім алуына жағдай жасау мақсатында ашылған оқу орталығының бір жылдық жұмысына  ата-аналар қауымы дән ризашылықтарын білдірді.

Осындай оқыту орталығын ашып, ауыл балаларының жан-жақты білім алуларына жағдай жасап, бар  тә-жірбиесін қолданып, бүл-діршіндерді білім нәрімен сусындатып жүрген Перизат Кеңесбекқызына ауыл тұрғындары атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.

                                               Ата аналар атынан : Сания МАРАТҚЫЗЫ.

                                                                                    

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы облысында 87 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
  • Алматы облысында өрт оқиғасы 5,2%-ға азайған
  • Қонаевтың 17 мектебіне жаңа қауіпсіздік жүйесі орнатылды
  • Алматы облысының кәсіпорындарында 4 мыңнан аса маман тапшы
  • «Ұлттық құндылықтар негізіндегі әке өнегесі»