Осы аптада Алматы облыысының ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім және даму орталығының» ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің және «AMANAT» партиясының мәжіліс залында «Этносаралық қатынастарды реттеу кезіндегі медиацияны жүргізу негізі» тақырыбында облыстық семинар-тренингі болып өтті.
Аталмыш іс-шараға аудандық және ауылдық Ардагерлер кеңесінің төр-ағалары, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, ауылдық округ әкімдері, аудандық Жастар ресурстық орталығы, мекеме-ұйымдар қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.
Семинар – тренин-гті жүргізген «Қоғам-дық келісім және даму орталығы» бас-шысының орынбасары Айымжан Тәңірбергенова этносаралық қақтығыстардың дамуының негізгі кезеңдердің, әлеуметтік тұрмыстық, жанжалдардың этносаралық қақтығыстардың айырмашылығы, қандай да бір даудың шиеленісуіне ықпал ететін факторлар, сондай-ақ оны реттеу кезінде жергілікті билік органдарының, этнос өкілдерін рөлі туралы атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан Халық Ассамблиясының мүшелері Шерзод Пулатов «Этносаралық және мәдени аралық даулардағы медиация» тақырыбында және Күлпаш Шалбұлова «Этносаралық қатынастарды реттеу кезіндегі медиацияны жүргізу негізі» тақырыбында пікір білдірді.
Сондай – ақ жиында этносаралық қарым-қатынас мә-дениетін қалыптастырудағы теориялық негізінің және тұжырымдамалық алғы шар-тының айқындаушы компоненттері жайында және ел ішіндегі татулық пен достықты насихаттау жөнінде сұрақ қою, жауап беру арқылы әңгімелер өрбіді.
Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы оның өсіп - өркендеуі жо-лындағы басым бағыттарының бірі - ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз.
Ұйымдастырылған семи-нар-тренингтің негізгі мақ-саты - жалпы татулық пен ұлтаралық келісім, халықтар достығы, ынтымақтастық пен бауырластық мәселелерін нығайту, сөз бен істің үйле-сімділігі сияқты мәселелерді жүзеге асыру, медиация институтын дамыту мәселесі талқыланды.
Өз тілшімізден.