СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ ЖАЙЫНДА МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

    7661bf8d-756d-4ead-b876-3e34faef0e0e.jpg

    Осы аптада Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Кенжебеков пен Алматы облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ұлан Қалжанов ауданға арнайы келіп, аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы аясында және Әдеп Кодексі туралы консультациялық  кеңестік жиын өткізді.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізілген аталмыш жиынға аудандық мекеме – ұйымдардың басшылары мен  қызметкерлері қатысты.

Келелі жиынның жүргізу тізгінін өз қолына алған аудан әкімі Азат Үкітайұлы ауданға арнайы атбасын бұрған қонақтарға сөз беріп отырды.

Алғашқы сөз кезегін алған Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі  Төлеген Жолмырзаұлы мемлекеттік қызметкерлердің құқығы  және Әдебі жөнінде бекітілген заңдарға баса тоқталып, олардың көпшілік алдында өздерін қалай ұстау қа-жеттігі жайында кеңестер берді.

Келесі кезекте сөз алған Алматы облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы  Ұлан Серікұлы баяндама жасап, сыбайлас жемқорлық және әдеп нормалары жайында мәселелерді әңгіме өзегіне айналдырды.

Жиын барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалылығы, заңнамалардың сақ-талуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралардың маңыздылығы, сондай-ақ  мемлекеттік қызметкерлердің қызмет барысындағы әдептілігі жөнінде баса айтылды. 

                                                                                                 Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году