САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ

    e113ce24-eb40-402e-9f2e-4296379db2a4.jpg

31 мамыр  сонау қасіретті жылдардың қара бұлтын жамылған кезеңдерде жазықсыз атылып, жапа шеккен боздақтардың рухына тағзым етіп, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құр-бандарын еске алатын күн.

    Осы күнге орай «Ақкөл  көтерілісі» құрбандарына арналып тұрғызылған ескерткіш басына жиналып, рухы биік бабаларымызға Құран бағыштап, гүл шоқтарын қою аудан тұр-ғындары үшін жыл сайын дәстүрге айналған.

    Аталмыш ескерткіштің дәл осы тұста бой көтеруі де кездейсоқ емес. Нәубетті жылдары Ақкөл ауылындағы ескі Пошта үйінде бір түнде қанқұйлы саясаттың құрбанына айналған арыстай азаматтарымыз сотсыз-сұрақсыз атылған екен. Ал сотталып, кейіннен хабарсыз кет-кендері қаншама десеңізші?!

Осы бір тарихи күнге орай аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев бастаған бірқатар аудандық мекеме-ұйым басшылары, ел ағалары, қоғамдық ұйым өкілдері мен ауыл тұрғындары ескерткіш маңына жиналып, гүл шоқтарын қойып, боздақтар рухына Құран бағыштады.

Іс-шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Тынышбалаұлы елінің болашағы үшін өз жанын құрбан етіп, қасық қаны қалғанша ақиқаттың ақ жолында аянбай күресіп, солақай саясаттың құрбаны болған батыр бабалардың рухына тағзым ету- бүгінгі ұрпақтың парызы екеніне тоқталып, «Ел іші даусыз, ел шеті жаусыз болсын» деген тілегін білдірді.

Ал Ақкөл орта мектебінің оқушылары бабалар рухына ар-налған өлеңдерін орындады.

Сөз кезегін алған "Ниет" кәсіпкерлерді қолдау қайырым-дылық қорының құрылтайшысы, негізін қалаушы, беделді кәсіпкер Болатбек Дәлелханұлы мен "Дай-ағашшы" туындысының авторы, ақын, белгілі жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы сол бір тар жол тайғаққа толы заманның халыққа қиындық туғызғанын айта келе, ұйымдастырылып жатқан шара-ның маңыздылығына тоқталды.

Ауданның бас  имамы Нұрдәулет Төрежанов бабалар рухына арнап Құран бағыштады. Шара соңында құрбандар рухына арналып ас берілді.

                                           Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году