Ауданға табиғи газ құбыры жүргізіле бастағанда Миялы ауылдық округі де көгілдір отынға ел қатарлы қосылса екен деп армандағандардың бірі мен едім. Міне, көптен күткен арманымызға да қолжеткіздік. Миялы ауылының тұрғындарына табиғи газ тартылған сәтте алғашқылардың бірі болып қосып алдым. Сол күннен бас-тап көгілдір отынның пайдасын көріп, рахатқа бөленіп келемін.
Бұрындары таңеретең ерте тұрып, пештің күлін шығарып, тамызық отынмен отты тұтандырып алған соң, көмір салып, әбден әуре болатынмын. Ал табиғи газға қосылғалы ол қиындықтардың бәрі арта қалды. Үйдің іші күндіз-түні бір қалыпты жып-жылы болып тұрды.
Табиғи газдың пайдасын жыл он екі ай көруге болатынын түсіндім. Өйткені ас пісіріп, шәй қайнатсаңда газ баллон таусылып қалады деген мәселе мүлдем болмайды.
Осындай бізге жақсы жағдай жасаған Мемлекет басшысына, облыс әкіміне және аудан басшысына өз ризашылығымды білдіріп, алғыс айтқым келеді.
Аудан әкімі Азат Құтпан-бетов өзінің сайлауалды бағдар-ламасында аудандағы бірнеше ауылдарды көгілдір отынға қосу қажеттігін алға тартқан бола-тын-ды. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында айтқан уәдесін орындады. Ендігі кезекте тағы да басқа ауылдарды газға қосу мәселесі тұр. Менің ойымша «Көрінген таудың алыстығы жоқ» демекші, ол күндерге де куә болатын шығармыз.
Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, ауыл тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – мем-лекеттік бағдарламалардың бір тармағы. Сол себепті ірі қала-ларда ғана емес, шалғай ауылдарда да тұрғындардың таза ауыз су, сапалы жол мен табиғи газ секілді игілікті істерге қол-жеткізуі маңызды мәселе.
Сонымен қатар өзімнің ауылдастарыма және газ құбыры тартылып жатқан ауылдық ок-руг тұрғындарына айтарым, біздің жақсы өмір сүруге керемет жағдай жасалып жатқанда көгілдір отынға тезірек қосылып алуға шақырамын.
Мейрамкүл АЙДАРБЕКОВА, зейнеткер.
Миялы ауылы.