АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕРІН АЙТТЫ

c8757ab7-8546-400a-9662-1dafaab535a8.jpg

Осы аптаның сейсенбісі күні аудан әкімі Азат Құтпанбетов Ақжар ауылдық округіне барып, кездесу жиындар өткізді.

Аудандық  мәслихат  төрағасы Кәдірбек Тынышбалаұлы әдеттегідей күн тәртібіндегі негізгі мәселенің мақсатына баса тоқталып, сөз кезегін аудан әкімі Азат Үкітайұлына берді.

Аудан басшысы 2023 жылы аудан көлеміндегі атқарылған ауқымды жұмыстарға баса тоқталып, 2024 жылы атқарылатын жұмыстар жайында қысқаша баяндап шықты. Сонымен қатар ауыл тұрғындарына  елімізде Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан  «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алып, үй іргесінде балық өсіру, құс шаруашылығын өркендету және туризм саласын дамыту жайында әңгіме өрбітті.

7b3dfac2-053b-4eda-87ed-4c20e5302ce8.jpg

Ақжар ауылында өткен жиында ауыл тұрғындары  ФАП ғимаратын  салу, ауыл әкімдігінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауылдық Мәдениет клубына қосымша штаттық қызметкерлер алу және өнер үйірмелерін ашу, су тасқынының алдын алу мақсатында Іле өзенінің жағалауын бекіту сондай-ақ ауылдың тыныс-тіршілігі жайында бірқатар мәселелерді ортаға салды.

Мұнан соң аудан басшысы Ақжар ауылдық округіне қарасты  Аралтөбе ауылына арнайы атбасын бұрып, ауыл тұрғындарымен кездесу жиын өткізді. Жиын барысында аралтөбеліктер ФАП ғимаратын жаңалау, ауылға Мәдениет клубын және балалар ойнайтын саябақ, жас мамандарға тұрғын үйлер салу, көше жарығы, табиғат тазалығы, ауыл көшелерін абаттандыру жайында әңгіме өрбітіп, табиғи газға қосылу  мәселесін көтерді.

Аудан әкімі кездесу жиындарда көтерілген барлық мәселелердің дер кезінде шешімін табуына өзінің ықпал ететінін айтып, ауыл тұрғындарына аграрлы ау-данымыздың өркендеп, экономикасының артуы үшін туризм саласын дамытып, жастар түрлі шағын кәсіпорындарын ашуға тәрбиелеу мақсатында бірнеше мысалдарды келтіріп, кәсіпкерлікпен айналысамын деген аудан тұрғындарына барынша қолдау көрсететінін тілге тиек етті.

 

   Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр