ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА - 30 ЖЫЛ!

8857a0f5-76dc-4ae7-9a72-043c2d6930cd.jpg

Еліміздің бюджет саласындағы аса маңызды орган- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық  комитетінің құрылғанына биыл - 30 жыл толып отыр.

Төл тарихы еліміздің тәуелсіздігімен бірге қалыптасқан Қазынашылық жүйесінің экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі айырықша зор.

Қазынашылық өз жұмысында әрдайым әлемдік, халықаралық тәжірибелерді пайдаланып, мемлекеттік қаржының бюджеттік орындалуын тиімді басқаруға кең жол ашты. Соның нәтижесінде мемлекеттік бағдарламаларды оперативті қаржы-ландыру, түсімдерге тиімді бақылау жасау, мемлекет қаражатын мақсатты пайдалану,  қаржы және бюджеттік заңнамалар ережелерінің сақталуы жоғары деңгейде қамтамасыз етіліп келеді.

Ауданымыздың бюджетінің  тиімді атқарылуы жолында Балқаш аудандық Қазынашылық басқармасының ұжымы  еселі еңбек етуде.

Басқарма басшысы Бағдат  Ақкүшіков, басшының орынбасары Қалампыр Дәуітбаева, бас маман-бас қазынашылар Гүлмира Қонақбаева, Мариям Бөртебаева, Айгүл Қошаханова, Гүлшат Асқарова өздерінің кәсіби біліктіліктерін, білімдерін  мемлекеттік қызметке арнаған жандар.

Елімізде Қазынашылық жүйесінің құрылғанына - 30 жыл толу мерейтойына орай басқарма басшысы Бағдат Бекбергенұлы Ақкүшіков, басшының орынбасары Қалампыр Мейрамбекқызы Дәуітбаева «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің құрылғанына - 30 жыл» төсбелгісімен, осы саладан зейнетке шыққан Қарлығаш Әбілқасымқызы Жантаева Казынашылық Комитетінің "Алғыс хатымен", бас маман-бас қазынашы Мариям Әбілханқызы Бөртебаева Қазынашылық комитетінің "Құрмет Грамотасымен" марапатталды.

Марапат иелерін құттықтай келе, басқарма ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасыларына бақ-береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріне толағай табыстар тілейміз.

                                                                                                                                      Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В китайском городе Иу стартовал второй сезон шоу Silk Way Star
  • Центр по борьбе с дезинформацией предупреждает
  • Обращение
  • в порядке статьи 40 Конституционного закона Республики Казахстан «О прокуратуре»
  • Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.