ТАРТЫСТЫ ӨТКЕН БӘСЕКЕ


6f485582-98af-49f4-89d6-230760e2dd2c.jpg

Өткен аптаның жұмасы күні аудандық денешынықтыру – сауықтыру спорт кешенінде аудандық бұқаралық – спорттық іс-шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы мекеме қызметкерлері арасында волейболдан Бақанас ауылдық біріншілік болып өтті.

Аудан денгейінде волейбол спортын дамыту және оны жетілдіру,  көпшілікті спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылған спорттық сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Азат Құтпанбетов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, аудандық мәслихат төр-ағасы Кәдірбек Омаров және аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов арнайы қатысты.

Салтанатты шарада құттық-тау сөз алған аудан әкімі Азат Үкітайұлы баяндама барысында «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұқаралық спорт түрін дамытуға, оның қолжетімді болуына ерекше көңіл бөлді. 2030 жылға дейін Қазақстан халқының 50%-ын бұқаралық спортпен шұғылдануын басты мақсат етуге міндеттеп,  халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсеткен болатын.

Салауатты өмір салтын қа-лыптастыру, айтулы спорттық дәстүрлерді сақтау адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға, ұлт саулығын жақсартуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге зор ықпал етеді. Ауданымызда да бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға барынша мән берілген» деп аудан көлемінде атқарылып жатқан спорттық шараларға баса тоқталып, жарысқа қатысушы 16 команда ойыншыларына сәттілік тіледі.

Келесі кезекте аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев жарысқа қатысушыларға жүрекжарды тілегін арнап, ақ батасын берді.

Сол сәтте спорттық сайысқа тас-түйін дайындалып келген командалар өзара бәсекелі сайысты бастап та кетті.

Мекеме қызметкерлері арасында өткізілген Бақанас ауылдық біріншілігін қорытындылай келгенде үздік ойыншылардан жасақталған аудандық білім бөлімінің командасы І-ші орынды жеңіп алса, ақтық сайыста өнер көрсеткен Бақанас арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ойыншылары ІІ-ші орынға тұрақтады. Ал жүлделі ІІІ-ші орынды аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы місе тұтты.

Жарыстың жабылу салтанатында үздік ойыншылар мен жеңіс тұғырынан көрінген командалар марапатталды.

«Дені саудың – жаны сау» демекші спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстану бүгінгі таңда мемлекеттік қызметкерлердің басты ұстанымына айналғаны жасырын емес.

Соның бір дәлелі ретінде ұйымдастырылған жарыстың келешекте өз жалғасын табатыны сөзсіз.

                                                                                                                                        Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр