АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ЖАРҚЫН

418925353_122116138508156256_288099261326586940_n.jpg   

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңының 9- бабына сүйене отырып, Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Жарлығында қамтылғандай Жетіген ауылы ендігі кезекте облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, жаңа Алатау қаласы  есімін иеленгенін естіп, қуаныштан төбеміз көкке екі елі жетпей қалды.

    Алматы шаһары мен облысымыздың орталығы Қонаев қаласының ортасында орналасқан Алатау қаласының келешегі жарқын болатынына көзіміз әбден жетті.

    Азық-түлік қауіпсіздігінің белдеуіне айналатын Алатау қаласының тұрғындары ендігі кезекте ауылшаруашылық өнімдерін көптеп өндіретін болады деген үкілі үмітіміз бар.

    Асқақ таудың есімін иеленген жаңа қала өркениет көшінің биігінде тұрсын деген тілектеміз.

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі» газеті бас редакторының орынбасары.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В китайском городе Иу стартовал второй сезон шоу Silk Way Star
  • Центр по борьбе с дезинформацией предупреждает
  • Обращение
  • в порядке статьи 40 Конституционного закона Республики Казахстан «О прокуратуре»
  • Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.