ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТ ЕГІЗ ҰҒЫМ

DSC_0078.JPG

    Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудандық  Мәдениет үйлері мен клубтарының есеп беру кеші болып өтті.

Аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада аудан өнерпаздарына түрлі марапаттар табысталып, олардың әсем әндері мен көркем билері жиылған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мәдениет саласында біркісідей тер төгіп, қызмет жасап жүрген аудан өнерпаздарын құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Данияр Нұрманов алдымен аталмыш саланың 2023 жылы жеткен толағай жетістіктеріне ерекше тоқталып, үздік өнерпаздардың есімдерін  атап, оларды марапаттады.

Марапаттау барысында аудандық мәдени шараларда өз өнерлерін көрсетіп жүрген аудан өнерпаздары мен мәдени шараларға атсалысқан мекемелер, облыстық байқауларға қатысып, топ жарған өнерпаздарға түрлі марапаттар табысталды. 

 Дана халқымызда «Өнер – ұлттың жаны» деген қанатты сөз бар. Кез-келген өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, салт-дәстүр, өнерімен әлемге танылып, бағаланады.

Сонымен қатар мәдениет-ұлтымыздың айнасы, ғасырлар бойы үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың рухани келбеті. Осы салада толассыз еңбек етіп, ауданның мәдениет саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген өнер майталмандарына қандай құрмет көрсетсекте лайықты.

   Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ