Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығының негізінде аудан әкімдері әр ауылдық округте тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесу өткізу жоспарланған.
Бұдан бұрын газет бетін-де хабарлағанымыздай, белгі-ленген кестеге сәйкес осы аптаның сейсенбісі күні аудан әкімі Азат Құтпанбетов Миялы, Бақбақты және Бірлік ауылдық округтеріне арнайы барып, ау-ыл тұрғындарымен кездесу жиындар өткізді.
Сонымен қатар бұл кездесу жиындарға аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров, сондай-ақ бірқатар аудандық мекеме-ұйымдардың басшылары сапарлас болды.
Жиын барысында Азат Үкітайұлы 5 қараша күні өткен аудан әкімін сайлауында өзіне сенім білдірген сайлаушыларға ризашылығын білдіріп, аудан-ның экономикалық дамуына өзінің бар білімі мен күш - жігерін салып, жұмыс жасайтынын жеткізіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.
Миялы ауылдық округінде өткен кездесу жиында ауыл тұрғындары спорт кешенінің жөндеу жұмыстары қашан басталатынын және ауылға балалар ойнайтын саябақ салынса, дәріхана ашылса деген ұсыныстарын жеткізіп, ауылдың болашағы жайында бірқатар мәселелерді ортаға салды.
Бақбақты ауылының тұр-ғындары денсаулық саласы бойынша өзекті мәселелерді ортаға салып, табиғи газға қалай қосылу жөнінде сұрақтарын қойды. Сонымен қатар «Арман» балабақшасының күрделі жөндеу жұмыстарына өзгеріс ендіру жайында әңгіме өрбітіп, қорымдарға баратын жолға тас төселсе және тағы басқа ұсы-ныстарын білдірді.
Бірлік ауылының тұрғын-дары көше жарығы, жол, интернет мәселелері жайында өз ойларын білдіріп, аудан әкімінің жұмысына сәттілік тіледі.
Жоғарыда аталған ауылдарда кездесу жиын өткізген аудан әкімі Азат Үкітайұлы ауыл тұрғындарының көтерген барлық өзекті мәселелерін назарға алып, тиісті мамандарға тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын өзінің қатаң бақылауына алатынын жеткізді.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».