Тәуелсіздік алған 1991 жы-лы дүниеге келген сәбилер елімізбен бірге есейіп, ержетіп келеді. Олар қазіргі таңда сан түрлі мамандық иелері атанып, еліміздің әр өңірлерінде егемен елдің еркін азаматтары болып, қоғам игілігіне кірпіш болып қалануда.
Болашақтың кілтін өз қол-дарына алған Тәуелсіздіктің төл құрдастары біздің ауданымызда түрлі саланың тізгінін ұстап, өңіріміздің дамуына өздерінің үлестерін қосып жүр.
Осындай Тәуелсіздіктің құр-дасы болғанын үлкен мәртебе, бақыт және мақтанышқа балайтын азаматтың бірі - Нұрбол Жексенбаев. Ол 1991 жылы Бақанас ауылында дүниеге келген. Аудан орталығындағы М. Сеңгірбаев атындағы орта мектептің түлегі.
Нұрбол Серікбайұлы 2009-2013 жылдары Алматы қаласындағы Орталық Азия университетін, 2019-2021 жылдары Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров ат-ындағы университетін тәмам-даған, білімі жоғары. Ал 2016 жылы аудандық өртке қарсы мекемесінде жүргізуші болып еңбек жолын бастаса, 2021 жылдан бері осы мекеменің қарауыл басшысы қызметін атқарып келеді.
Тәуелсіздіктің құрдасы Нұр-болмен сұхбаттасқанымызда ол өз ойын былай деп түйіндеді: «Тәуелсіздік мерекесі мен үшін және менің құрдастарым үшін ерекше күн. Өйткені біз дүниеге шыр етіп келген күннен бастап «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» деген аталы сөзді естіп өстік. Ата-бабаларымыздың Тәуелсіздік пен азаттық жолындағы ға-сырлар бойы күресін тарихтан оқып өстік. Қаншама хас батыр бабаларымыз азаттықтың жолында қан төкті. Алысқа бармай-ақ «Желтоқсан оқиға-сында» ерліктің үлгісін көрсеткен аға-әпкелеріміз қаншама?! Халқымыздың ға-сырлар бойы аңсаған асыл арманы біз дүниеге келген жылы орындалып, Тәуелсіздіктің ақ таңы атты. Орда бұзар жастан асқан Тәуелсіз мемлекетіміз Аллаға шүкір қарқынды дамып келеді» деп ол өзінің өрт сөндіру мекемесінде қызмет жасап жүргенін мақтанышпен әңгімелеп берді.
Алдыңғы толқын ағалардың салып кеткен сара жолын жалғастырып жүрген әңгіме кейіпкері бүгінгі таңда 3 бала-ның әкесі. Бала тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлген жас әке балаларының болашақта Тәуелсіз мемлекетіміздің бел-сенді азаматтар болып ержетсе деген арманы бар.
Жауапты әрі қауіпті маман-дықты таңдаған ол өзіне жүк-телген тапсырмаға еш уақытта атүсті қарамайды. Ол қашанда өз ісінің білікті маманы.
«Елдің ертеңі – жастар» десек, жастардың жүйрік ойлы, зерек, жан-жақты болып өсуі басты мақсатымыз. Олардың еліміздің өркендеуіне қосқан тамшыдай үлестері тұғырлы Тәуелсіздігіміздің табаны тай-ғанамай тұрақты болуына сер-пін берері сөзсіз.
Қазір біз бейбіт әлемде, тұрақтылық пен тыныштық орнаған елде өмір сүреміз. Бұл Тәуелсіздіктің толағай жемісі.
Өз тілшімізден.