«АУДАН БАТЫРЛАРЫ» ДЕМЕУШІЛІК ЖАСАДЫ

e1af6f6b-77ff-4406-9d0b-3a1ad0344e54.jpg

 «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», –дей-ді дана халқымыз. Адам-дардың бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі ол - қайырым-дылық жасау.

Біздің аудан азаматтары да қайырымдылық істерді қолға алып, көптеген өзекті мәселе-лердің оң шешімін табуға атсалысып, демеушілік көрсетіп жүрген жайлары бар.

 Бұл тұрғыда «Аудан батырлары» деген ватсап желісінде құрылған топтың мүшелері нағыз батырларға лайықты істерді жүзеге асырып жүр. Ол топтағы азаматтардың бірі кәсіпкер болса, енді бірі қызметкер және спортшылар. Қысқасы  қарапайым жүрегі мейірімге толы қарапайым өзіміздің жігіттер.

Аталмыш топтың басты мақсаты мен ұстанымдарына тоқталатын болсақ, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, материалдық немесе мораль-дық тұрғыда болсын, бастысы шын ниет білдіру және көмектесу. Осындай игі бастаманы қолға алған аудан азаматтары аудан көлеміндегі барлық іс-шараларда белсенділік көрсетіп, ауызбіршілікпен де-меушілік жасап жүргенін естіп те, көзбен көріп те жүрміз.

 fc27cefe-86a1-4ce4-9423-0eb77a58739c.jpg

  Жақында олар тағы бір игі шараны қолға алып, аудан азаматтары нағыз «батыр» деген атқа лайық іс жасады. Бұған дәлел Арайбек Сембаевтың бастамасымен  аталмыш топ мүшелері  аудандық Орта-лық аурухананың перзентхана бөліміне жаңа туған нәрестелерге арналған  2 дана фотолампа кювезін өз қаражат-тарына сатып алып,  сыйға тарту етті.

Аудандық орталық аурухана дәрігерлерінің айтуынша бұл медициналық құралдың қызметі - жаңа туған нәрестелердің қан құрамында билирубин көрсеткішінің салдарынан болатын сарғаюды жою және тағы басқа көптеген ауруларды емдеу мақсатында қолданылады екен. Көптен бері қажет болып жүрген медициналық құралды аудан азаматтары сыйға тартқанда аурухана қызметкерлері шексіз қуанышқа бөленіп, демеушілік көрсеткен жомарт жандарға өздерінің жүрекжарды алғыс-тарын жаудырды.

Дана халқымызда «Нар жолында жүк қалмас» деген қанатты сөз бар. Бұл сөз біздің нар тұлғалы азаматтардың мекенжайына бағытталып айтыл-ған ба? деп қаласың кейде.

Ауылдастарының абыройын асқақтатып жүрген осындай жігіттердің бірлесіп қолға алған әрбір ісі нәтижелі болып, қасиетті өңіріміз көркейе бер-сін дейміз. 

                                                            Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, "Балқаш өңірі".                                                                    

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр