АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

0673eb88-b7e3-4593-9123-4f77d355d170.jpg

Осы аптада аудандық Мәдениет үйінде жыл сайынғы дәс-түрлі түрде ұйымдастырылатын «Ауылшаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» мерекесі болып өтті.

Мерекелік шараның шымылдығын түрген аудан әкімі Азат Құтпанбетов өз сөзінде: «Негізі ауылшаруашылығы саласы өте күрделі салалардың бірі. Жылдың қай мезгілін алсақ та осы саланың мамандары еңбек майданының ортасынан табылатыны ақиқат.

Диханшылар қауымы көк-тем мезгілінен бастап  алажаздай бел жазбай  еңбек етсе, ал төрт түлік түрін өсірушілер жылдың төрт мезгілінде де аттан түспей еңбектің нағыз қараторысына айналады. Өзге де шаруада жүрген ауылшаруашылығы саласына қатысты қызметкерлердің де төккен терлері орасан  зор.

DSC_1063.JPG

Бұл тұрғыдан айтар болсам, «Бақ дарыған Балқаш ауданы»  деген атқа лайық аграрлы өңіріміздің бағындырған биік-тері, қол жеткізген жетістіктері мен табыстары жыл санап артып келеді.

Төскейінде төрт түлігін өсірген малшылар  мен алқа-бында егінін жайқалтқан егін-шілер қауымының, жалпылай айтқанда, ауылшаруашылығы саласының тасының өрге домалауына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандардың арқасында биылғы жылы да көптеген же-тістіктерге қол жеткіздік» -деп аудан көлемінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға баса тоқталып өтті.

Аудан басшысының баяндамасынан кейін кезек мара-паттауға берілді. Марапатау барысында аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бө-лімінің бас маманы Нұралы Шүленбаевқа облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталса, «Динара-ранч» ЖШС-нің сүт фермасының директоры Егдебай Еңсебайұлына облыстық Агрокешені және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподақ бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі тапсырылды.

Сонымен қатар аудандық ауылшауашылық саласының дамуына сүбелі үлестерін қосқан аудандық ветеринариялық инспекциясының бас маманы Болат Тұрсынбек, «Бақыт» ШҚ-ның төрағасы Таңатар Толқынбеков және «Береке» ШҚ-ның төрағасы Асқар Сейдахметов аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталса, аудандық ауылшаруашылық саласына адал еңбек сіңіргендері үшін «Альфа» ЖШС-нің механизаторы Серікқали Жұматаев, «Бауыржан-7» ЖШС-нің механизаторы Молдахмет Бекенов, «Өтес» ЖШС-нің механизаторы Болатбек Мейрамбекұлы және «Марат» ШҚ-ның механизаторы Ғалым Қоржынбаев тағы да басқа көптеген ауыл-шаруашылық саласында еңбек етіп жүрген мереке иелері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ 2023 жылдың қорытындысы бойынша жоғарғы жетістіктерге  қол жеткізгендері үшін шаруашылық басшыларына сіңірген еңбектеріне байланысты түрлі дәрежедегі дипломдар берілсе, Алматы, Астана қалалары мен аудан орталығында өткізілген ауыл-шаруашылығы жәрменкесіне белсенді атсалысқан ауылдық округ әкімшіліктеріне де аудан әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлықтар табысталды.

Бұдан кейін аудан өнерпаз-дары әуелете ән шырқап, мере-келік шараның көрігін қыздыра түсті

                                                                                     Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР