ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕРІН ТЫНДАДЫ

5c80c17d-622a-4361-b08f-9a35e355e66b.jpg

Осы аптада аудан әкімі Азат Құтпанбетов Құйған, Жиделі, Балатопар және Топар, Желтораңғы, Ақжар, Ақкөл, Береке, Ақдала ауылдық округтеріне арнайы барып, ауыл тұрғындарымен кездесу жиындарын өткізді.

Жиын барысында Азат Үкітайұлы 5 қараша күні өткен аудан әкімін сайлауында өзіне сенім білдірген сайлаушыларға ризашылығын білдіріп, ауданның экономикалық дамуына өзінің бар білімі мен күш-жігерін салып жұмыс жасайтынын жеткізіп,  аудан көлемінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. 

Құйған ауылының тұрғындары  дәріхана ашу, азық-түлік бағасына бақылау жұмыстарын жүргізу және ауылға электр маманы керек екенін айтып, ауыз су мәселесін де көтерді. Сонымен қатар Құйған - Жиделі бағытындағы тас жолға жөндеу жұмыстары жасалса, ауыл ішіндегі Ни Хак Сун көшесіне түңгі жарықтар орнатылса деген ұсыныстарын іркіп қалмады.

Жиделі ауылындағы жиында ауыл тұрғындары ауылдың тіршілігі жайында ойларын айтып, мал сою алаңы, ауыз су мәселесі жайында әңгіме өрбітті.

Балатопар ауыл тұрғында-ры ет өнімдерін тасмалдауға анықтама алу, жылыту маусымында сексеуіл отынын дайындауға рұқсат берілсе және ауыл тұрғындарына қолжетімді бағада көмір жеткізілсе деген ұсыныстарын айтып, Топар өзендерінің арнасын қазу жұмыстарын жандандыру мәсе-лесін талқылады. 

Аптаның бейсенбісі күні кездесу жиындар Топар, Желтораңғы және Ақжар ауылдық округтерінде өз жалғасын тапты.

Топар ауылының тұрғында-ры аудан басшысына қысқы мал азығы, отын және көмір бағасы, түңгі жарық мәселесі  жайында сөз бастап, Қаншеңгел - Топар бағытындағы біздің ауданға тиесілі 23 шақырым тас жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныстарын білдірді. 

Желтораңғы ауылының тұрғындары ауылдың болашағы жайында өз ойларын ортаға салып, аудан басшысының алдағы атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мұнан соң аудан әкімі Ақжар ауылдық округіне қарасты Арал-төбе ауылына атбасын бұрып, ауыл ішімен ағып жатқан Топар өзенінің су арнасына назар аударып, сол ауылдағы  жергілікті тұрғындармен кездесу жиын өткізді. Аралтөбеліктер аудан басшысына ауылдың тазалығы жайында мәселелерді ортаға салып, фелдьшерлік-акушерлік пунктіне компьютер алып беруге ықпал жасауды өтініп, электр жарығының жиі сөніп қала-тынын және қаңғыбас иттер ауланса, Бақанасқа қатынайтын маршурттық автобус болса деген ұсыныстарын жеткізді.

Ақжар ауылдық округінде өткен жиын барысында ауыл тұрғындары тарапынан учаскелік полиция қызметкері тұрақты жұмыс жасаса, Ақжар көшесіне  жөндеу жұмыстары жасалса деген ұсыныстарын айтып, аудан басшысының қызметіне сәттілік тіледі.

Аудан әкімі кезекті кездесу жиынын жұма күні Ақкөл ауылдық округінен бастады.

Ақкөл ауылының тұрғындары ауылға электр маманы керек және мал ұрлығы, заңсыз балық аулау мәселесін көтеріп, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында тұрғын үй алуға қажетті қаражат алуға көмек көрсетілсе, сонымен қатар мектепке балалар қатынау үшін жаяу жүргіншілерге арналған тас жол салынса деген ұсыныстарын жеткізді.

Береке ауылында өткен жиында Т.Рысқұлов, М.Мәметова көшелеріне жүргізілген түңгі жарық қашан қосылады? деген сұрақтар қойып,  мектеп- алды даярлық топтағы балаларға ойнайтын алаң болса, ауылдың атқамінер азаматтары ауыл болашағын ойласа деген ұсыныстарын жеткізді.

Ақдала ауылында өткен жиында ауыл тұрғындары ауылдың тыныс-тіршілігіне баса тоқталып, ағаш кесу, көше жарықтарын орнату, қаңғыбас иттер ауланса, Бақанас-Ақдала-Бояулы бағытында қатынайтын автобус болса, сонымен қатар, ауылдық учаскелік полиция қызметкері тұрақты жұмыс жасаса, ауылдағы спорт кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілсе  деген ұсыныстарын білдіріп, тағы да бірқатар мәселелерді ортаға салды.

Аудан әкімі Азат Үкітайұлы барлық ауылдардағы нысандар мен мекемелердің ғимараттарына аялдап, ондағы мәселелерге жете мән берді. Олардың шешілу жолдарын назарға алатынын айтты.

Кездесу жиындарын өткізген аудан әкімі ауыл тұрғындарының көтерген барлық өзекті мәселелерін назарға алып, олардың орындалуын бақылауына алатынын айта келе ұсыныстар мен көтерілген мәселелер аяқсыз қалмайтынын  жеткізді.

                                                   Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,  «Балқаш өңірі».

          

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «ҚЫС - 2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ - ШТАБТЫҚ ОҚУ - ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
  • Реализация экологической политики в Алматинской области
  • Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы
  • ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Татулық – тұрақтылық негізі