«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ҚОҒАМЫН
ҚҰРУ ЖОЛЫНДАМЫЗ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Бюджет қаржысын және жалпыұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолдарын ұйымдастырушыларды іздеуге, түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салу өте маңызды. Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді мұқият саралап, ондағы қолданылмайтын немесе сот төрелігіне кедергі келтіретін артық-ауыс нәрсенің бәрінен арылу қажет» деді. Президент реформасы аясында бұл бағытта көптеген жұмыстар қолға алынып, бүгінде нәтижелі жұмыстар өз жемісін беруде.
Әділетті Жаңа Қазақстан қоғамында заңсыз байығандарға санкция бар. Біріншіден бюджет қаржысын және жалпыұлттық байлықты талан-таражға салатын жемқорлық әрекеттер мен оның астыртын жолдарын ұйымдастырушыларды іздеуге және түпкі амал-тәсілдерін анықтауға барынша күш салу өте маңызды қадам деп санаймын.
Мемлекет қаржысын жеке басына және туыстарына жұмсап, заңсыз байығандар түбінде жазадан құтылмайды, әр қаржының өз есебі бар, ол әрдайым біздің тарапымыздан қатаң бақылауда болады.
Қазіргі уақытта күнделікті бұқаралық ақпарат құралдар-ынан, интернет әлеуметтік желілерінен құқық қорғау органдары тарапынан бюджет қаржысы мен мемлекет байлығын жымқырған тұлғалардың құрықталып жатқаны, сот үкімімен қылмыстық жазаларға тартылып жатқаны, мемлекетке орасан зор қаржылар қайтарылып жатқанынан хабардарсыздар.
Бұл еліміздің құқық қорғау органдарының бірлесіп, жоспарлы түрде жұмыс атқарылуының нәтижесі деп қабылдау қажет.
Сөз соңында айтарым біз Президент реформасы аясында «Әділетті Қазақстан» қоғамын құру жолындамыз.
Айдын РАЕВ, Балқаш ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі.