САЯБАҚҚА КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

429ae977-fb5e-4c25-be86-1a254cb57658.jpg

Ағаштың ауаны тазарт-қанымен қатар табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын қасиеті де бар. Жаздың аптап ыстығында да, қақаған қыстың ызғарында да жаңбырдан кейінгі ауаның ылғалдылығын, топырақтың құнарлығын, дауылдың екпінін сақтап, адам өміріне пайдасын берері көп. Сондықтан, ағаш отырғызу- ұрпаққа мұра қалдырғанмен пара-пар.

Осы аптаның сәрсенбісі күні аудан орталығы Бақанас ауылындағы  «Сүндетбай болыс» атындағы саябаққа аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен  ағаш көшеттері отырғызылды. Аталмыш іс-шараға аудан әкімі Азат Құтпанбетов пен аудан әкімінің  орынбасарлары, ауыл әкімі, мекеме-ұйым басшылары, Ардагерлер кеңесінің төр-ағасы мен  аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Іс-шара барысында Бақанас  ауылы бойынша 200 түп ағаш отырғызылса, оның 185-сі «Сүндетбай болыс» атындағы саябаққа отырғызылды. Егілген көшеттердің 150 данасы қарағай, ал 50 данасы арша  қылқан жапырақты ағаштар көшеттері.   

«Бір тал кессең, он тал ек!» деген  қағиданы мықтап ұстанған халқымыз үшін ағаш егу - маңызды істердің бірі. Егілген ағаштың, өскен өсімдіктін әуе алабына, қоршаған ортасына тигізер пайдасы да зор. Сондай-ақ ағаш егу атадан балаға мирас болған сауапты іс. Әрбір азамат  әрдайым туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек. Шама-шарқынша туған ауылының көркейіп, гүлденуіне атсалысуы керек деп білеміз.

Игілікті істің басы-қасында жүрген аудан басшысы Азат Үкітайұлы мұндай іс-шаралар көктем мезгілінде де өз жалғасын табатынын жеткізді.

Осындай сауапты іске ауыл тұрғындары да мұрындық болып, ауылымыздың келбетін одан әрі жақсартуға үлес қосса деген тілегін де іркіп қалмады.

                                                                                             Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ