СПОРТШЫЛАР АУДАН АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТТЫ

daf8b16c-6dcf-4854-bfcd-24523c31142f.jpg

12-15 қазан күндері аралығында Астана қаласында Каратэ WKF Шито-Рю түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты болып  өтті. Аталмыш жарысқа республикалық маңызы бар 3 қала және барлық облыстан 550 спортшы қатысып, әртүрлі  бәсекелер бойынша сынға түсті.

Байрақты бәсекеге аудан намысын сантүрлі жарыстарда қорғап жүрген аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да қатысып, 5 алтын, 4 күміс және 1 қола медальдарды еншілеп, жеңіспен оралды.

 Жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларды атап айтар болсақ, 12-13 жас аралығында командалық, кумитэден Айтолқын Думанова мен Айсәуле Келгентай І-ші орын иегері атанса, 14-15 жас аралығында командалык кумитэд сайысынан Жанерке Қуанышқызы алтынан алқа тақса, ересектер арасында өнер көрсеткен Арман Дулатбай 60 кг салмақ дәрежесінде, ал Нұрым Құдайберген 75 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Сонымен қатар бұл спортшылар жарыстың ережесі бойынша өзге де сынақтарда өздерінің ептіліктерін көрсетіп, күміс және қола медальдарды еншіледі.

Ал өткен аптада Нарынқолда Грек-рим күресінен 2007-2008 жылғы туылған жасөспірімдер арасында өткен облыстық чемпионатта сынға түскен аудан спортшылары да 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальдарды еншілеп, қуанышымызды еселеді.

Бос кілемде атой салып, қарсыластарына есе жібермей аудан намысын қорғаған  балғын балуандар жайында айтар болсақ, Ақдала ауылының мақтанышы Бекасыл Мейрамбек 42 кг салмақ дәрежесінде, ал Бақанас ауылының балуаны Эльдар Мұқанғали 51 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, чемпион атанды. Сондай-ақ Аралтөбе орта мектебінің оқушысы Сұңқар Әбетай 51 кг салмақ дәрежесінде ІІ-ші орынға тұрақтаса, Қарой ауылының спортшысы Жанболат Мақатай 71 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ-ші орында місе тұтты.

                                                                           Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР