ЧЕМПИОН АТАНДЫ

5964fa89-54e2-4bf4-bbd3-f3e2133d3682.jpg

Өткен аптада Нарынқолда Грек-рим күресінен 2007-2008 жылғы туылған жасөспірімдер арасында өткен облыстық чемпионатта сынға түскен аудан спортшылары да 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальдарды еншілеп, қуанышымызды еселеді.

Бос кілемде атой салып, қарсыластарына есе жібермей аудан намысын қорғаған  балғын балуандар жайында айтар болсақ, Ақдала ауылының мақтанышы Бекасыл Мейрамбек 42 кг салмақ дәрежесінде, ал Бақанас ауылының балуаны Эльдар Мұқанғали 51 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, чемпион атанды. Сондай-ақ Аралтөбе орта мектебінің оқушысы Сұңқар Әбетай 51 кг салмақ дәрежесінде ІІ-ші орынға тұрақтаса, Қарой ауылының спортшысы Жанболат Мақатай 71 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІІ-ші орында місе тұтты.

Бүгінде мемлекетіміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі- салауатты өмір салтын қалыптастырып,  саналы һәм білімді ұрпақ тәрбиелеу. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын асқақтатын маңызды сала болғандықтан мемлекетімізде  жас ұрпақты спортқа баулуға және жасөспірімдердің спортпен айналысуына барынша жағдай жасалуда. Соның нәтижесінде ауданымыздың спорт саласы  жылдан-жылға дамып, жаңа жетістіктермен толығып, жастардың спортқа деген қызығушылығы артып, олар облыстық, республикалық, халықаралық және әлемдік бәсекелерде топ жарып, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетуде.

Сондықтан да аудан тұрғындарын ел абыройын асқақтату мақсатында жасөспірімдерді спортқа баулып, салауатты өмір салтына қадам жасауға шақырамыз.

                                                                                     Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр