Осы аптада аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Азат Құтпанбетов аудан орта-лығында салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын және сауда орындарын аралап, олардың жұмыс жағдайын көзбен көріп, жақын танысып шықты.
Сонымен қатар аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров, «АМANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Данияр Садықбаев, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Айбын Жұмабеков және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дархан Төлеубек сапарлас болды.
Азат Үкітайұлы өзінің іссапарын аудан орталығында салынып жатқан 30 жалгерлік тұрғын үйлерден бастады. Ол жерде құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан құрыш қолды құрылысшылармен жүздесіп, тұрғын үйлердің сапасы жайында мәселені негізге алып, құрылыс бөлімінің басшысына аудан көлемінде салынып жатқан құрылыс нысандарын күнделікті аралап, бақылап отыруын тапсырды.
Келесі кезекте Ы.Алтынсарин көшесіне салынып жатқан жол құрылысының жұмыстарын көзбен көріп, жол салушыларға жұмыс қарқынын жеделдетіп, белгіленген уақытта аяқтап, тапсыру жайында ескертті.
Мұнан соң Сүндетбай Смайылұлы атындағы саябаққа атбасын бұрып, саябақ ішіндегі тазалық жұмыстарына баса назар аударып, кем-кетік дү-ниелерді алдағы күндері қайта қалпына келтіру мәселесін жос-парға алды.
Ал келесі күні аудан орта-лығындағы бірнеше сауда нысандарын аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын салыстырып, сауда орындарының басшыларына азық-түлік бағасының қымбаттап кетпеуін және дүкен сөрелерінде тұрған тауардың сапалы болуын баса айтты.
Сондай-ақ мемлекет тарапынан шағын және орта бизнестің дамуына, кәсіпкерлердің сауда нарығында кеңінен құлаш сермеп жұмыс жасауына қолдау көрсетіліп, оларға барынша жағдай жасалынып жатқаны жайында кеңінен әңгіме өрбітті.
Өз тілшімізден.