Алматы облысында 67 адам саркома ісігінен емделген

06c4581b-5caf-4e52-94ce-2c862e2424df.jpg06c4581b-5caf-4e52-94ce-2c862e2424df.jpg

    Алматы қаласының және Алматы облысының тұрғындары саркома ісігіне қарсы тегін дәргерлердің қабылдауынан өте алады.

Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммункация қызметі алаңында Алматы аймақтық көпсалалы клиникасының онколог дәрігері Айдаров Даулет Есхожаұлы мен Алматы аймақтық көпсалалы клиниканың онколог дәрігері Мамедов Рашид Биналыұлы қатерлі ісіктің алдын алу шаралары туралы брифинг барысында айтты.

Мамандардың айтуынша облыста биыл қатерлі ісікпен 9875 науқас, ал оның ішінде саркома ісігі бойынша 106 науқас тіркелген. Науқастырдың ішінен 67 адам толықтай емделіп шыққан.

Сондай-ақ мамандар аурудың пайда болу себептері мен оны емдеу жолдарын айтты. Олардың сөзіне сүйенсек, ауру дұрыс тамақтанбаудан және имуннитетің әлсіруінен, тұқым қуалаушылықпен де пайда болады.

         Саркомалық ісіктің басты емі ол хирургиялық жол арқылы емдеу. Ісікті жою отасы арқылы ғана бұл ауруды емдей аламыз.

 

«Операция көлемі мен операцияға дейінгі және кейінгі кезеңнің ерекшеліктері аурудың асқынуымен науқастың жағдайына қарай жеке таңдалуы қажет.Сараланған емдеу тактикасы 4 түрлі саркоманың түріне қарай әртүрлі болуы шарт дейді. Шілде айы бойы елімізде жұмсақ тіндер мен сүйектердің ісіктері – саркомалар туралы халықты хабардар ету шаралары өтеді. Алматы қаласы және Алматы облысы тұрғындары клиникаға келіп дәрігерлердің тегін қабылдауынан өте алады» дейді,- Даулет Айдаров.

Саркома үлкен өлшемге жеткенше – ол адамға ешқандай қолайсыздықты тудырмауы мүмкін. Бұл көбінесе тіндерде өте терең жатқан кейбір түзілімдер болуы мүмкін. Терең жерде орналасқан ісік түрлерін тек, ультра дыбыстық құрылғылармен тексере алады. Адамдар өте қатты ауырсынуды сезген кезде ғана дәрігерлерге жүгінеді.

“Диагнозды растау үшін саркоманың болуын және белгілі бір кіші түрін растау үшін биопсия қажет. Бұл ісіктер өте сирек және аралас болғандықтан, биопсия үлгілерін зерттеуі өте маңызды. МРТ саркоманың орналасуын және түрін анықтау үшін сканерлейді”-дейді Рашид Мамедов.

Айта кетейік, ісікке шалдыққан науқастардың көпшілігі 30-60 жас аралығындағы адамдар. Ал олардың 30 пайызы 30 жасқа толмаған жастар.

 

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды және ол немен ерекшеленді
  • Как казахстанцы прожили 2025 год, и чем он запомнился
  • 350 тыс. человек получили доступ в 95 населенных пунктах к газу за прошедший год: итоги работы Прави
  • Өткен жылы 95 елді мекенде 350 мың адам газбен қамтамасыз етілді: Үкіметтің энергетика саласындағы ж
  • Реализация поручений Президента: в Казахстане запущены три новых газовых месторождения в 2025 году