БАЛА-БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

 03e51262-1ac7-4b55-b260-518a9f1cc109.jpg

84af5ab6-34b2-4405-b754-3c4ffa22f0b6.jpg

  Бала - өміріміздің жалғасы, еліміздің  болашағы. Әрбір баланың тәтті қылығы, тыныш ұйқысы және олардың алаңсыз күлкісі бәрінен де маңызды. Әр отбасының әні мен сәні болып, төрімізге қуаныш-шаттық сыйлаған бүлдіршіндерге құрмет көрсету мақсатында 1 мау-сым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Дәстүрлі мереке биыл да өз жалғасын тапты.

 

Тамылжыған жаздың алғашқы күні кішкентай бүлдіршіндерін жетектеген ата-аналар шат-шадыман көңіл-күйде аудандық Мәдениет үйіне жиналды. Өйткені ол жерде бүлдіршіндерге арналып мерекелік шара өткізілетіні жайында күні бұрын хабарланған болатын.

Аудан орталығын ән мен күйге бөлеген мерекелік шара барысында Мәдениет үйінің алаңында балаларға арналған түрлі спорттық және сурет салу тағы басқа шаралар өткізілді. Сондай-ақ Мәдениет үйінің ішкі сахнасында өнерлі бүлдіршіндер әуелете ән шырқап, мың бұрала би билеп, ұлттық аспаптарда өнер көрсетіп, мерекелік шараның көрігін қыздырып жатты.

Балаларының өнерін тамашалған ата-аналар да мәртебелері көтеріліп, өнерпаз бүлдіршіндерге қошеметтерін еселеп отырса, өнер көрсеткен жас өрендер мәдени шара соңында марапатталып, сый-сияпатқа бөленді.

Дүниеде баладан асыл, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Тұғыры биік Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі бүгінгісінен де кемел болуы, рухы асқақ, өресі биік білімді де талантты ұрпақтың қолында. Кішкентай да болса үлкендердің назарын өздеріне аударып жүрген балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне ләйім бөлене берейік!

                                                                           Өз тілшімізден.

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР