ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫН ТІККЕН «АЗАМАТ»


Балтағұл аға.JPG

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».

Ауыл бәріміздің алтын бесігіміз, береке мен байлығымыздың бастауы, руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың қайнар көзі. Төрт түлігін түлетіп, егісін жайқалтып, бар шаруасын өрге дөңгелетіп отырған ауыл халқының  еңбектері қашанда орасан зор. Ал ауылдың гүлденіп, көркеюі сол ауылда туып-өскен азаматтарға тікелей байланысты екені сөзсіз. Дана халқымызда «Ауылына қарап азаматын танисың» деген қанатты сөз тектен-текке айтылмаса керек-ті. Ауылының болашағын ойлап, бар ынта-ықыласымен ауылдастарының қамы үшін туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігімен жомарттық жасап жүрген азаматтар біздің бақ дарыған киелі өңірімізде баршылық.

Осылай деп сөз бастауыма себепші болған Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Бояулы ауылындағы саябақтың ашылу салтантынан алған  әсерім.

«Туған жерге туыңды тік» демекші ауызбірлігі мен берекесі жарасқан құт мекенде туып-өскен Азамат Балтағұлұлы өз қаражатына Бояулы ауылының орталық көшесіне саябақ салып, халық игілігіне табыстады.

Ажарлы ауылдың көркін келтіріп тұрған саябақтың ашылу салтантында алғашқы сөз алған аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов «Ел арасында жақсы ісімен, жайдары мінезімен, еткен еңбегімен, төккен терімен құрметке бөле-ніп жүрген жандар аз емес. Олардың ішінде құлағанға - тіреу, жылағанға - демеу болып, туған жерді түрлендіру үшін сантүрлі қайырымдылық шараларды ұйымдастырып жүрген Атымтай жомарт азаматтардың орны қашанда ерекше. Халқымызда «Ауылына қарап, азаматын таны» - деген жақсы сөз бар.  Кезінде совхоз тараған жылдары ажары кеткен ауылды соңғы жылдары қолға алып, ауылға мешіт, діни сауат ашатын оқу орны медресе салып, ауыл көшелерінің жолдары мен түнгі жарығын орнатып берген Молдақасымовтар әулетінің еңбегі орасан зор. 

 

  кеме.JPG

Осы ауылдан шыққан азамат, кәсіпкер-меценат Азамат Балтағұлұлы туған ауылын көркейтіп, гүлдендіру мақсатында қамқорлығы мен қолдауын тағы да бір жарқын ісімен  көрсетіп, ауыл тұрғын-дарының ризашылығына бөле-нуде. 

Бүгінгі жақсы істің жаршысы болып отырған барша қауымды қуанышты сәтпен құттықтаймын» деп ауыл ажарына көрік беріп тұрған саябақтың ашылу салтантында бас қосқан аудан тұрғындарын және құрметті қонақтарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтап, аудан халқы атынан Азамат Балтағұлұлына жүрекжарды алғысын білдірді.

Келесі болып сөз кезегін алған ауданның Құрметті азаматтары Айтжан Есімов пен Тынышбай Досымбеков ауылдың көркеюіне сүбелі үлесін қосып, айналасына шуақ шашып, жақсылықтың жаршысы бола білген жомарт жүрек, кең пейілде Азаматтың азаматтығына ризашылықтарын білдіріді.

Салтанатты шарада республика көлемінде өнер көрсетіп жүрген «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының өнерпаздары сахналы қойылымдарын кө-рсетіп, қоян киімін киген «Қуыршақ» театры және «Қазақ батырлары», «Ұшар» би тобының өнерпаздары мың бұрала би билеп, әннен шашу шашты. Көк байрақты көтеріп көк аспанда қыран шарықтап ұшқан көрініс  көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Концерттік бағдарламаның соңында саябақтың лентасы қиылып, жиналған көпшілік аумағы үш гектарға жуық сәнді де салтанатты саябақтың ішіне кіріп, тамсана қарады.

«Жауынменен жер көгереді, алғыспенен ер көгереді» дегендей, туған жеріне туын тіккен Азамат қашанда елінің алғысын арқалап, өсіп-өніп, абырой-беделі артып, қошемет пен құрметке бөлене берсін.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр