ОН ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЛАРЫН АТАП ӨТТІ

Саз мектебі.jpg

Осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2013-2014 оқу жылында аудан орталығынан  дарынды  балалар  үшін  өнер  және  мәдениет саласында  мамандық  таңдауға  көмек  көрсете  отырып, өнерлі тұлғаның  жалпы мәдениетін  қалыптастыру, рухани  тәрбиелеу, жеке  өнерлі тұлғаның  мүм-кіндіктерін ашу мақсатында аудан орталығында  Бақанас «Саз мектебі» ашылған болатын.

Жақында аталмыш білім шаңырағы өздерінің мерейтойларын аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық Мәдениет үйінде жоғары денгейде атап өтті.

«Өнерге қанат қаққандар» тақырыбында ұйымдастырылған мәдени шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Азат Құтпанбетов аталмыш білім шаңырағының осы уақыт ішінде көптеген Халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттарын дайындап, үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін тілге тиек етіп, ұжымда еңбек етіп жүрген  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, қобызшы Ерлан Сәбитовтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапат-талғанын, қазіргі таңда аталмыш білім шаңырағындағы 140 оқушыға домбыра, қобыз, баян, фортепиано және вокалдық ән айту бөлімдерінде 12 ұстаз дәріс беретінін және өнерлі өрендерге Сәулеш Дүйсебаева, Эльвира Алсаева, Айгүл Әтиева, Бақытгүл Болысбекова сынды ұлағатты ұстаздардың дәріс беріп жүргендігін мақтанышпен атап өтті.

Мінбе төріне шығып аудандық «Бірлік» кәсіподағының төрағасы   Сайран Смағұловтың атынан сөз сөйлеген  аталмыш мекеменің бас маманы Гүлайым Қаңлыбекова «Өнер – ұлттың жаны» деген қанатты сөзді негізге алып, осыдан 10 жыл бұрын аудандық Саз мектебінің құрылу тарихына қысқаша тоқталып, білім шаңырағының құрылуына мұрындық болған аудан азаматтарының есімдерін атап шықты.  Дарынды балалар-дың қанатын қатайтып, өнер кеңістігінде самғап ұшуларына сүбелі үлесін қосқан өнер ордасын, аталмыш бірлестік атынан «Алғыс хатпен» марапаттап, ақшалай сый-сияпат табыстады. Сантүрлі өнер байқауларында  ауданымыздың абыройын асқақтатып жүрген Бақанас Саз мектебінің оқытушысы  Эльвира Алсаеваға «Ұлағатты ұстаз» қоғамдық медалін табыстады.

Мұнан соң Саз мектебінің арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына кезек берілді. Өнерге қанат қаққан жас өрендердің әртүрлі аспаптарда тамылжыта орындаған әуезді әндері мен күмбірлеген күйлері көрермендер қауымының көңілін көтеріп, өнер сүйген жандарға рухани азық сыйлады.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов: «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны жасынан сұлу болып өседі» - деген болатын. Бүгінде мектеп партасында отырған әрбір оқушыны білімді, дарынды, өнерлі, интеллектуалды етіп тәрбиелеу мақсатында   мемлекетіміз де  өз қамқорлығын көрсетіп келеді.

                         Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, "Балқаш өңірі".

                                                 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР