ҚАЗАҚ ДЕТЕКТИВІНІҢ ДАРАБОЗЫ


Кемел.jpg

Өткен аптада  Ұлы Отан соғысының ардагері, детектив жанрының тарланы, драматург-жазушы, ақтаңгер журналист Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Қазақ детективінің дарабозы» атты тұлғатану кеші болып өтті.

Аталмыш мәдени шараға кемелтанушы, зерттеуші, «Кемел ағаның аманаты» кітабының авторы, жерлесіміз Бақтығали Айжігітов, аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы, Алматы облысының Құрметті азаматы Бақыт Сқабаев, аудандық Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Гаухар Аманжолова,  ақын, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының және Әлем Халықтары Жазушылар одағының мүшесі, жерлесіміз Ізтілеу Тойшыбайұлы, ақын, сазгер, Талғар ауданының Құрметті азаматы Камнұр Тәлімұлы, үздік өлкетанушы, аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Жетпісбай Қойшығұлов,  Халықаралық Д.Қонаев қоры Президентінің кеңесшісі, ауданның Құрметті азаматы, Ішкі Істер органының құрметті ардагері, сазгер, актёр, жерлесіміз Дәулетбек Жанботаев, сонымен қатар Талғар ауданы мектептерінің ұстаздары мен оқушылары, «Ақжүніс» әжелер ансамблінің мүшелері, Б.Бейсекбаев атындағы мек-теп-гимазиясының және  М.Сеңгірбаев атындағы  орта мектептерінің оқушылары, Бақа-нас аграрлы-индустриалдық колледжінің студенттері мен тәлімгерлері қатысты.

Ауданға арнайы келген құрметті қонақтар алдымен Д.Қонаев атындағы саябаққа атбасын бұрып, Ұлы тұлға ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, әруағына тағзым жасап, естелік суреттерге түсті.

Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, "Балқаш өңірі"

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда шамамен 34 есеге өсті
  • Экспорт IT-услуг Казахстана вырос почти в 34 раза за пять лет
  • Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
  • Инвестиции в водное хозяйство Казахстана достигли рекордных 677 млрд тенге за два года
  • Поручение Президента выполнено: в аэропорту Павлодара реконструирована взлетно-посадочная полоса