ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

f205a318-5171-4d91-a9a8-4beffb33b811.jpg

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде ұйымдастырылған «Ыдырысов оқулары» өз мәресіне жетті. Байқаудың мақсаты: еліміздің ұлттық журналистикасында ғана емес, сонымен қоса тамыры тым тереңнен сыр тартатын тарихта да өзінің қолтаңбасын қалдырған жан,  ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым, жазушы, публицист, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, баспа ісіндегі безендіру ісінің негізін салушы – Әбілфайыз Ыдырысовтың  өнегелі өмірі мен  қызмет жолын өскелең ұрпаққа

насихаттау.

Осы орайда, 11 сәуір күні қасиетті қара-шаңырақтағы Ә.Ыдырысов атындағы кабинетте "БАСПА ІСІ ЖӘНЕ МЕДИАДИЗАЙН: ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Аталған конференцияның шымылдығын түрген Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы ең әуелі "Ыдырысов оқуларының" жеңімпаздарын марапаттады.

4  номинация бойынша студенттер мен магист-ранттар арасында ұйымдастырылған республикалық байқаудың  "Үздік баспасөз материалы" номинациясы бойынша жүлделі І-орынды бұрынғы әріптесіміз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультетінің 2-курс студенті, «Балқаш өңірі» газетінде тілші болып еңбек еткен әріптесіміз Алтынай Сейткен жеңіп алып, Ыдырысовтар отбасы тағайындаған арнайы шәкіртақымен марапатталды.

Марапатты факультет деканы Нұржан Қуантайұлы мен Құралай Ыдырысқызы табыстады.

Айта кететін бір жайт, жерлесіміздің ғылыми жетекшісі - Баспагерлік-редакторлық және дизанерлік өнер кафедрасының оқытушысы Дәрмен Смайыл.

Қаламының қарымымен аталмыш байқаудан оза шапқан, осылайша аудан мәртебесін асқақтатып жүрген Алтынай Талғатқызының алдағы уақыттарда да биік белестерден көрінуіне тілектеспіз.

«Бәрекелді» дей отырып, әрдайым қаламың қарымды, ойың шалымды, жазарың көп болсын деген тілегімізді арнаймыз!

                                                                                Құрметпен: «Балқаш өңірі» газетінің ұжымы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР