МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Аудандық аумақтық инспекция қызметкерлері Алматы облысы полиция департаментінің 2020 жылдың 07 желтоқсандағы №724 «Қазақстан Рес-публикасы ІІМ мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы» жоспа-рын  және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыс аумақтық инспекциясының мемлекеттік органдарымен мал ұрлығына қарсы бірлескен жұмыс жоспарын басшылыққа ала отырып, мал ұрлығына қарсы жұмыстар атқарылуда.

 

Ауылдық аймақтардың мал басы мәліметтерін АШЖБ базасына ҚР АШМ 02.06.2010 жылғы №367 «Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіруі жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы», ҚР АШМ 30.01.2012 жылғы №7-1/68 «Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес, мал бастарының ком-пьютерлік қорға уақытылы енгізілуінің өзі, яғни мал басының уақтылы сырғалануы, мал ұрлығына қарсы өз үлесін қосады.

2021-2023 жылдарға арналған  мүлікті қорғау арналған бағ-дарлама аясында  «ҚР АШМ  Ветеринариялық бақылау және  қадағалау комитетінің  Балқаш аудандық аумақтық  инспекциясы» мемлекеттік мекемесі «Мал ұрлығына қатысты қылмыс пен құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, жолын кесу бойынша 2023 жылдың 2-тоқсанында өткізілетін іс-шаралар жоспары» бойынша, аудан көлемінде аумақтық инспекция мен жергілікті полиция қызметінің, криминалдық полиция бөлімшесі қызметкерлерімен бірлесіп өткізілетін мал ұрлы-ғына қарсы 6 рейдтік  іс шара-лардың арқасында жүзеге асырылып отыр.

Осыған байланысты жеке және заңды тұлғалар жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың аудан көлемінде бір ауылдық аймақтан екінші ауылдық аймаққа, не болмаса ауданнан сыртқа орын ауыстыру  және тасымалдау  кезінде, міндетті түрде ветеринариялық ілеспе құжаттарын рәсімделуі қажет. Жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, ветеринариялық анықтаманы  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 маусымдағы №7-1/453 санды «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту» туралы бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы орган бөлімшесі құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымының вете-ринариялық дәрігері рәсімдейді. Мал дәрігерінің рәсімделген құжатынсыз аудан көлемінен немесе ауданаралық орын ауыс-тырулар мен тасымалдануына жол бермеудің өзі, мал ұрлығына қарсы тұру іс-шаралары мен эпизоотиялық ахуалды бірлесе бақылауға алынуы қажеттілігінен туындайды.

Заңнамалық актілердің  бұзы-луына жол берілген жағдайда немесе мал ұрлығы қылмысын әшкерелеу кезінде Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзулық туралы Кодексінің 406 бабының 1 тармағының 2 және 4 тармақшаларына сәйкес әкімшілік шара қолдану үшін, «ҚР АШМ  Ветеринариялық бақылау және  қадағалау комитетінің  Балқаш аудандық аумақтық инспекциясы» ММ әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндіріске алып, заңға сәйкес шешімдер қабылданады. 2023 жылдың үш айының қорытындысымен Ветеринариялық дәрігердің рә-сімделген құжатынсыз аудан көлемінен немесе ауданаралық орын ауыстырулар мен заңсыз тасымалдануына, мал ұрлығына  қарсы жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған рейдтік шара-лардың арқасында 6 азамат мал басын заңсыз тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алдағы уақытта мал ұр-лығына қарсы тұруда аудан халқымен және құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесе ат-қарылған жұмыста оң нәтиже көрсетуге бар мүмкіндігімізді қолданатын боламыз.

 

Болат Тұрсынбек, аудандық аумақтық       инспекциясының бас маманы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР