ТІЛ - ӘР ХАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ, ҰЛТТЫҚ ЖАН-ДҮНИЕСІ

Қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі «Қазақ тілінде жүрген қолданыстағы қате сөздер».

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде бірге өшемін! – деп, ақын Әбділдә Тәжібаев жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі де, құдіретті.   

Елдің егемендігін, мемлекет-тің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі – ұлттың тұтастығы мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның әдебиеті мен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі.

Қазақ тілі – өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай Отан-шылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.  Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер саны көбеюде.   Яғни, айтқым келгені, өзге тілден емес өзіміздің қазақ тілімізде орфографиялық және грамматикалық қателер санын, жарнама ақпарат құралдары мәтіндерінен байқай аламыз. Осы кезде Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» - деп, ашына айтқаны ойға келеді. Осы өзекті мәселелерге байланысты қала және елді мекендердегі ұйым, мекемелердің атаулары, күре жолдар бойындағы жазбалар тек қазақ тілінде ғана болуын да қалыптастыруымыз керек. Жарнама, түрлі атаулар, ақпарат құралдары мәтіндерінен бастап, оқулықтар, әдеби басылымдарға дейінгі барлық жазбалардың тілдік сапасына, стиліне тұрақты бақылау жасап, кеткен қателерді дер кезінде жөнге келтіріп отыратын тіл сақшылары да ауадай қажет-ақ.

   Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау- арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен  болашағы ана тілдің дамуы, оның  қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз   байланысты.  Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.

Құрметті қазақ елі өзіміздің туған ана тілімізді ешқашан ұмытпайық.

                                                                                                                         Айзат Жапар, Ақкөл орта мектебінің 11-сынып оқушысы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР