35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖАСТАРҒА 5 МЛН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН МИКРОКРЕДИТ БЕРІЛЕДІ

Еңбек және халықты әлеу-меттік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 қаңтардан бас-тап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде жастарға жеңіл-дікпен микрокредит беру қағи-дасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қағидада кәсіпкерлік қыз-метті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастар үшін конкурстық негізде микрокредит беру көзделген.

Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5 % -дан аспайды.

Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.

Микрокредиттерді кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай - ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақ-тығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Қазіргі уақытта:

- жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарт жасасу;

- «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ - мен жергілікті атқарушы органдардың тапсырма шартын жасасу;

- бизнес - жобаларды қарау бойынша өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Микрокредит алуға өтінім қабылдау уақыты және өтініш беретін кеңселердің  мекен-жайы туралы, несие жөнінде толық ақпарат алу үшін мына нөмірлерге хабарласуларыңызға болады: 8 (72773) 91-9-82, 91-1-23.

                                                                                                                   Аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Ұлы дала жорығы» марафонына әлемнің 15 елі қатысады
  • жылыту маусымы нәтижелі аяқталды
  • Алматы облысында 25 жылдық кепілмен салынған жолдардың жағдайы депутаттық сынға ілікті
  • В Алматинской области состояние дорог с 25-летней гарантией вызвало резкую критику депутатов
  • Алматы облысында жазғы лагерьлерге талап күшейтілді