КӨҢІЛДІ ЖАДЫРАТҚАН «ЖАЙДАРМАН»

737d90b0-948c-4dda-ba34-e19aa8c70c10.jpg

Жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналған «Жайдарман» ойыны қазіргі таңда көптің назарын аударып жүрген ерекше жобалардың бірі. Көптеген жастардың жүрегінен жол таба білген «Жайдарманның» ең басты ерекшелігі  - қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды және халықтың заманауи сұранысының талаптарына сай болуында, сахна мәдениеті мен шеберлік, би, ән, мимика, сөйлеу мәнері, ой ұшқырлығы сияқты өнер атаулының түрлі жанрларын қамтиды. Бар жанарды жайлаған «Жайдарман» ойынын дамыту мақсатында аудандық мәдениет саласының мамандары айтарлықтай жұмыстар жасап, аудан жастары арасында түрлі сайыстар өткізіп келеді.

 

Осындай әзіл-қалжынға толы мәдени іс-шараның біріне тоқталар болсақ, өткен аптаның қасиетті жұмасында аудандық Мәдениет үйінде аудандық Жас-тар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жайдарлы JAIDARMAN» тақырыбында аудан әкімінің кубогы сарапқа салынған байқау болып өтті. Мәдени іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Азат Құтпанбетов сахна төріне көтеріліп, аудан жастарын құт-тықтап, оларға сәттілік тіледі.

Жастарға тәлім-тәрбие беріп, қоғамдағы келелі мәселелерді астарлы әзілмен жеткізуге бағыталған мәдени шарада аудан жастары әдемі ойын өрнегін көрсетіп,  сантүрлі  қағытпа қалжыңдар арқылы сахналы қойылымдардың мазмұнын аша білді.

Көңілді жадыратқан «Жайдарман» ойынын қорытындылай келгенде Көктал ауылының «Koktal STARS» құрама командасы І-ші орынды жеңіп алып, аудан әкімінің кубогын иеленді. Ал ІІ-ші орын ақдалалық жайдарманшыларға бұйырса, жүлделі ІІІ-ші орынды Қарой ауылдық округінің намысын қорғаған «Үлгілі» құрама командасы қанағат тұтты. Ал сахна төрінде өздерінің ак-терлік шеберліктерін көрсетіп, көрермендердің көңілінен шыға білген  Миялы ауылының ойыншысы Әсел Мұратқали, Топар ауылының жайдарманшысы Арай Жұмабай және Бақанас ауылының «Шипагер» құрама командасының ойыншысы Жарас Асхат «Үздік ойыншы» ном-инациясының иегерлері атанды.

Марапаттау барысында үздік ойын көрсеткен жайдарманшылар мен жүлделі орындарды жеңіп алған командаларға аудан әкімдігі атынан ақшалай сый-сияпат табысталып, арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. 

Осылайша аудан көлемінде ұйымдастырылған көңілді тап-қырлар бәсекесіне қатысқан барлық командалар есте қалар ойын өрнегін көрсетіп, көрер-мендер көңілінен шыға білді.

Болашағын бүгіннен бастаған ауданымыздың көңілді, жалынды, білімді жастары биіктерден көріне беруіне тілектес болайық. 

                                                                 Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі». 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР