ЖЕРЛЕСІМІЗ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

a6ae683c-4d76-4b8d-9e90-572b8041145f.jpg

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері спорт саласы қарқынды дамып келеді. Осы жылдар бедерінде талай байрақты бәсекелерде спортшыларымыздың мерейлері үстем болып, жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Өзге елдердің төрінде мемлекеттік гимніміз шырқалып, көк байрағымызды желбіреткен спорт саңлақтары еліміздің мақтанышы, әрі өскелең ұрпақ-қа бағыт-бағдар беріп, жастардың салауатты өмірдің кепілі саналатын спортпен айналысуына ықпал етуде. Ел абыройын асқақтатып жүрген дарабоз спортшыларымыздың бірі, жерлесіміз Ерсін Балтағұл. Ол Жапонияда сумо күресімен айналысып, әлемдік додаларда топ жарып, ұлтымыздың абыройын асқатқатып жүрген жайы бар. 

Жақында  Ерсін Балтағұл Жапонияның Осака қаласында   кәсіпқой Сумо күресінен өткізілген байрақты бәсекеде өнер көрсетіп,  жеңіс тұғырынан көрінгені жайында  әлеуметтік желіден естіп бір марқайып қалдық.

«Кинбозан» лақабатымен әлемге танылған спортшы жайында әлеуметтік желілерде жазылған мақалалардың бірінде «Ерсін макучи дивизионында алғаш рет өнер көрсетіп, керемет нәтижеге қол жеткізді. 15 күннің нәтижесінде 11 рет жеңіске жетіп, 4 рет жығылып, ІV- ші орынға табан тіреді. Күткен межеден әлдеқайда жоғары жетістікке жетті. Ерсін бәсекенің бел ортасына келгенде ондықтан төмен болатын. Бар күшін соңғы күндерге салып, күннен-күнге жеңістің жолын жалғай түсті. Басқа қарсыластарының жеңілісі де Ерсіннің жоғарылауына мүмкіндік берді. Мұны сарапшылар қазақ спорты үшін тарихи жетістік деп отыр. Бұдан кейін Ерсін Сумо күресіндегі жоғары атақтар мен мол сыйлыққа ие болып, оның додадағы дәрежесі өсе түспек.

Көктемгі бәсекеде арнайы аталымдар бойынша үш балуан ерекше марапатқа ие болды. Оның ішінде қазақ балуаны Ерсін де бар» деген болатын.

Бұл жерлесіміздің алғашқы жеңісі емес. Осыған дейін оның бірнеше жеңістерге қол жеткізгенін естіп жүрміз. Күншығыс елінің ұлттық спортының қыр-сырын жетік меңгерген жерлесіміздің жеңісті күндері әлі де алда деп сенеміз.

                                                                     Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР