АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ХАЛЫҚ БАНКТЫҢ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ

10fa30b6-9c33-4942-9853-4f67f28fa3b4.jpg


Осы аптаның сәрсенбісі күні аудан орталығындағы аудандық Қазынашылық мекемесі ғимаратының бірінші қабатынан Қазақстан Халық Банктың Алматы облыстық филиалының №65 Дербес қызмет көрсету орталығының аудандық бөлімшесі салтанатты түрде ашылып, халық игілі жолында  өз жұмыстарын бастап кетті. 

Аталмыш банк бө-лімшесінің ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов көптен бері  аудан тұрғындары тарапынан Бақанас ауылынан  осындай Халық банкінің бөлімшесін ашу туралы ұсыныс-пікір айтылып, бүгінде сол күрмеуі қиын мәселенің шешімін тапқанын және бұл шаруаның шешімін табуына қолұшын созған азаматтардың есімдерін атап, оларға ризашылығын білдіріп, аудан халқы атынан шексіз алғысын арнады.

Келесі болып сөз алған Қазақстан Халық Банкінің Талдықорған облыстық филиа-лының директоры Гүлмира Ахметова аудан халқын осынау тарихи сәтпен құттықтап, қуаныштарына ортақтасты.

Мұнан соң банк саласында ширек ғасыр жұмыс жасаған, оның 20 жылдай басшылық қызметін атқарған, ауданның Құрметті азаматы Айтжан Есімовқа сөз кезегі берілді. Мінбе төріне көтерілген Айтжан Есімов өзінің банк саласында қызмет атқарған жылдары сіңірген сүбелі еңбектерін әңгіме арқауына айналдырып, аудандық банк жүйесінде 18 жыл басшылық қызмет жасағанын тілге тиек етіп, аудан орталығынан ашылған банк бөлімшесінің аудан халқына пайдасы мол екенін атап өтті.

Жайдарман жаңалыққа куә болып тұрған аудан тұрғындарын құттықтаған аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев ақ батасын берсе, Қазақстан Халық Банкінің Талдықорған облыстық фили-алының директоры Гүлмира Асқарқызы Алматы облыстық филиалының №65 Дербес қызмет көрсету орталығының басшысы Торғын Жәнкетайқызына жаңадан ашылған мекеменің кілтін табыстады.

Салтанатты шара соңында Қазақстан Халық Банктың Алматы облыстық филиалының №65 Дербес қызмет көрсету орталығының аудандық бөлім-шесінің лентасы салтанатты түрде кесіліп, жиналған көпшілік ғимарат ішіне кіріп, банк жүйесінің халыққа қызмет көрсететін орынымен танысты.

Аудан орталығынан ашылған  банк бөлімшесінде 9 адам жұмыспен қамтылып, бүгін-де аудан тұрғындарына өз қызметтерін ұсынуда.

                                                                                                   Бақтығали Дәуітбаев, "Балқаш өңірі".

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР