АЛҒАШҚЫ СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

7116db7f-8da0-4649-b013-4afeafeff855.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 19 қантардағы №104 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттарының және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалып, еліміз бойынша сайлау жоғары деңгейде  өткізіліп, аудан көлемінде 23 сайлау учаскелерінде заң талабына сай өз жұмыстарын ойдағыдай атқарды.

Осы аптаның бейсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында VIII шақырылған  аудандық мәслихаттың алғашқы сессиясы

болып өтті. 

Келелі жиынды жүргізген аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Марат Ноғайбай күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша жаңадан сайланған халық қалаулыларының аудандық мәслихат төрағасын сайлау жөнінде ұсыныстарын тыңдады. Аудандық мәслихат депутаттары мәслихат төрағалығына Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлының кандидатурасын ұсынып, бір ауыздан сайлады.

Сессия отырысын жүргізуді өз қолына алған Кәдірбек Омаров аудандық мәслихат депутаттарын сайлауда қол жеткізген жеңістерімен құттықтап,  сессия отырысын ашық деп жариялап, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау бойынша өз жұмысын

бастады.

Келелі жиынның күн тәртібіндегі бірінші мәселе

бойынша аудандық мәслихатының VIII шақырылымының тұрақты  комиссияларын құру туралы ұсыныс айтылып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  8 - бабының 3-тармағының, 2-тармақшасына сәйкес» аудандық мәслихаттың  жанынан 3 тұрақты комиссия құрылды.

Ал екінші мәселе бойынша, аудандық мәслихатының VIII шақырылымының тұрақты  комиссияларының   төрағалары мен мүшелері сайланды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияны тіркеп, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-2-бабының өкілеттілігі шеңберінде, мәслихат депутаттары саяси партиялар фракциялары және өзге де қоғамдық бірлестіктер, депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы, депутаттық топ-депутаттардың өз өкілеттіктерін сайлау округтеріндегі бірлескен жұмысын жүзеге асыруға арналған және де ол мәслихатта тиісті саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында құрылғанын

хабарлап, мәслихаттың фракция  құрамын бекітті.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаровты құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар жаңадан сайланған аудандық мәслихат

депутаттарымен бірлесе отырып, жұмыстар атқаратынына сенімім білдірді. 

 

Еліміздің өсіп-өркендеуі халық қалаулыларының ұшқыр ойларынан туындаған жаңа бастамалары мен сәтті қадамдарына байланысты. Ендеше, ел сенімін арқалаған еліміздің атқамінер азаматтары бастаған ұлы көштің сапары сәтті болсын!

                                                        

Өз тілшімізден.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР