БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №11 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША


Қуаныш.jpg

ҮМІТКЕР БАЙСЫН ҚУАНЫШ ШЫҢҒЫСҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Байсын Қуаныш Шыңғысұлы Алматы облысы, Балқаш ауданы, Жиделі ауылында  1993 жылы дүниеге келдім.

Алматы қаласы Қ.Сәтпаев атындағы университетін 2015 жылы аяқтадым. Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығын алып шықтым. Алғашқы еңбек жолымды 2015 жылдан 2017 жылға дейін Zeinet "SSE" ЖШС-нің техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженер маманы ретінде бастадым.

2018 жылдан осы уақытқа дейін «Азия газ құбыры» КИПиА Инженер қызметі бойынша қызмет атқарудамын.

         Отбасылымын, 1 баланың әкесімін.

        

Құрметті жерлестер!

«Азиялық газ құбыры» компаниясында бақылау өлшеу аспаптары және автоматика маманы бойынша үздіксіз газ тасымаллдау үшін қызмет еттім. Газ саласында текхникалық процесстерді автоматтандыру саласын қызығып жүрген жастарға өз білгеніммен бөлістім.         

Құрметті сайлаушылар!

Басты мақсатымыз – Әділетті Жаңа  Қазақстанды құру жолында мен алдыма бірқатар міндеттер қойдым, олардың шешімін аудандық мәслихаттың депутаты ретінде қызметімді бағыттаймын.

Балқаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру аясында 2027 жылға дейін ауданның елдімекендерінің сапалы газдандыруға үлес қосу. Осы бағытта мердігер ұйымдардың, пайдаланушы компания инспекторларының осы ауданның тұрғындарымен техникалық шарттарды алу, халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі жеңілдіктерді алу мәселелерін түсіндіру үшін кездесулер өткізу қажет. Газ тарату жүйесіне қосу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жеке секторды газдандыру мәселесі де бүгінгі таңда өзекті болып отырған ауданымыздың экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

2023 жылы Жиделі ауылында қайырым-дылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету салаларында волонтерлік қозғалысты дамыту және 1 топ құру;

2024 жылға дейін Жиделі ауылында Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу. Нәтижесінде жөндеуді қажет ететін мәдениет нысандарының саны 96,5 пайызға дейін қысқарады.

Жолдардың барлық түрлерін және олардағы қауіпсіздікті, көшелерді жарықтандыруды жақсарту;

Балқаш ауданында адам өмірін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің болмауына байланысты медициналық ұйымдарды (емханалар, ауруханалар), балабақшалар, мектептер, мәдениет нысандары, спорт нысандары (стадиондар, балалар алаңдары, велосипедтер) салу мәселелерін шешу қажет. (жолдар және т.б.), демалыс орындары (саябақтар, скверлер, ойын алаңдары және т.б.), сауда нүктелері; қоғамдық тамақтандыру объектілері (асханалар, кафелер, мейрамханалар және т.б.), қызмет көрсету кәсіпорындары (ателье, шаштараз) және басқа да көптеген мәселелер.

Жиделі ауылында 2023 жылға дейін су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту;

Құйған ауылында 2024 жылға дейін су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту;

Жиделі ауылында 2027 жылға дейін әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу. «Жеделі орта мектебі» КММ білім беру бөлімінің мектепке дейінгі шағын орталығымен.

2026 жылға дейін Құйған ауылында қайырымдылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетемін.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР