ҮМІТКЕР НҰРМҰХАНБЕТОВ МҰРАТ НҰРДӘУЛЕТҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен Нұрмұханбетов Мұрат Нұрдәулетұлы 1964 жылы Балқаш ауданы, Бақанас ауылында өмірге келдім.
1971 жылы Бақанас орта мектебіне барып, 1981 жылы 10 жылдықты бітірдім. 1981 жылы орта мектепті бітірген соң Алматы құрылыс техникумна оқуға түсіп, 1987 жылы аяқтадым. 1982 жылы әскер қатарына шакырылып 1984 жылы аяқтап келдім. 2004 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне түсіп, 2007 жылы осы аталған университеттің «орман және парк шаруашылығының инженері» мамандығын тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1988 жылы Қапшағай аудандық газ станциясында слесарь болып жұмысқа қабылдандым.
1990– 2000 жылдар аралығында Балқаш агроөнеркәсіптік техника бірлестігі мекемесінде жөндеу құрылысының шебері жұмысын атқардым.
2000-2002 жылдар аралығында Республикалық мем-лекеттік «Жетісу орманында» орман шебері ретінде жұмыс атқарып, 2002 жылдан бастап Бақанас орман шаруашылығы ММ- не орманшы-қорықшы ретінде жұмысқа қабыдандым. 2005 жылы аға орманшы қызметіне ауыссам, ал 2008–2022 жылдары директордың орынбасары қызметін атқардым. 2022 жылдан қазіргі таңға дейін осы мекеменің директоры қызметін атқарып келемін.
Отбасылымын, 4 баланың әкесімін. Құрметті сайлаушылар!
Басты мақсатымыз – Әділ Қазақстанды құру жолында мен алдыма бірқатар міндеттер қойдым, олардың шешімін аудандық мәслихаттың депутаты ретінде қызметімді бағыттаймын.
Жастарды табиғатты қорғауға және қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға шақырамын.
Жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту мен оған қарсы күрес шеңберіндегі мемлекеттік саясаттың іске асуына үлес қосу;
Тоқсан сайын сайлаушылармен кездесіп, депутаттық қызметім туралы толық ақпарат беруге, тұрғындарды жеке мәселелері қабылдауға, олардың көтерген мәселелерін, ұсыныстары мен ой-пікірлерін жергілікті атқарушы билікке жеткізуге, мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларына депутаттық сауал жолдау арқылы шешуге күш салып отыратын боламын.
Жолдардың барлық түрлерін және олардағы қауіпсіздікті, көшелерді жарықтандыруды жақсартуға атсалысамын.
Жоғарыда аталған барлық мәселелердің шешімін Балқаш ауданын дамыту жоспарын одан әрі жүзеге асырумен әзірлеуден көремін.
Аудан бойынша адам өмірін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне, мектептерді жөндеуден өткізу, ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізу, демалыс орындары, сауда нүктелерін қоғамдық тамақтандыру объектілері, қызмет көрсету кәсіпорындарын және басқа да көптеген мәселелерді қолға аламын.
Тұрмысы төмен отбасыларына қайырым-дылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету салаларында волонтерлік қозғалысты дамыту және топ құру;
Мен де өз елімнің нағыз патриоты ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге көмектесемін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға күш саламын.
Мен Балқаш ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.
Біз бірге алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.