ҮМІТКЕРЛӘМБЕКОВ АЙБЕК АЯТБЕКҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен Ләмбеков Айбек Аятбекұлы 1982 жылы Балқаш ауданы, Бақанас ауылында дүниеге келдім.
1988 жылы Ленин атындағы орта мектебінің 1-сыныбын аттап, 1999 жылы 11 сыныпты бітірдім.
1999 жылы Алматы қаласындағы КАЗНТУ жанындағы Алматы техникалық колледжіне түсіп, техник-програмист мамандығын 2002 жылы бітіріп шықтым. 2002-2004 жылдар аралығында Риддер қаласындағы Қорғасын балқыту зауытына агломератчик, балқытушы және мастер болып жұмыс атқардым.
2004 жылы №1 Баканас орта мектебіне денешынықтыру мұғалімі болып еңбек еттім. 2004 жылы Алматы қаласындағы Спорт және туризм академиясының дене тәрбиесі пәні мұғалімі факультетіне түсіп, 2007 жылы бітіріп шықтым.
2008 Балқаш ауданы «Жер кадастр» бөлімінде бас маман, 2010 жылы «Үлгілі» орта мектебінде педагог –ұйымдастырушы, 2013 жылдан Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясында педагог-ұйымдастырушы, 2019 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2021 жылдан қазіргі таңға дейін Ә.Ахметов атындағы орта мектебінің директорымын.
Отбасылымын, 4 баланың әкесімін.
Құрметті сайлаушылар!
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісінің ата-аналары мен қызметкерлерінің қарым-қатынасын білім беру процесіне қатысу-шылардың өзара сыйластығы және жеке ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеленушіге даму еркіндігін ұсынуды ескере отырып, ынтымақтастықтың негізін қалауға, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге жұмыс жасаймын.
Шалғай ауылдың негізгі тірегі мектеп болғандықтан, мектептің тұрақты жұмыс жасап, жас ұрпаққа сапалы білім беруге, мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардың тәрбиесіне мән бере отырып, олардың жазғы демалысын тұрақты ұйымдастыруды қолға аламын.
Ауыл тұрғындары арасында «Ұстаз мәртебесін» көтеру мақсатында насихат жұм-ыстарын ұйымдастыруға ықпал жасаймын.
Ауыл жастарын жан-жақты қолдау және спорттың дамуын насихаттаймын.
Ауыл тұрғындарына әлеуметтік кө-мек көрсету жұмыстарын қадағалау, аз мөлшерде қамтамасыз етілген отбасылардың және қарттар мен мүгедектердің тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау, мұқтаж жандарға көмек көрсетуді ұйымдастыруға атсалысамын.
Ауыл мәдениетінің дамуына, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге ықпал етемін.
Ауыл жастарының жұмыспен қамтамасыз етілуіне және мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түсуге мамандық таңдауға ықпал етемін.
Аз қамтылған және әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға көмек көрсету, ауылының тұрғындарына медициналық көмектін сапасын арттыру бойынша жұмыстарын жүргіземін.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жұмыстарын үнемі назарда ұстау.
Қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
Шағын және орта бизнесті дамытуға атсалысу,
Қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дамытуды насихаттау;
Ауыл көшелерін көгалдандыру және аббаттандыру жұмыстарын жандандыру;
Осы ауылдағы проблемаларды шешуге барлық күш-жігерімді, білімім мен ұйымдастырушылық қабілетімді жұм-саймын.