ҮМІТКЕР ОМАРОВ КӘДІРБЕК ТЫНЫШБАЛАҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлы Балқаш ауданы, Бақанас ауылында 1961 жылы дүниеге келдім.
1980-1982 жылары Талғар ауыл шаруашылығы техникумында оқып, техник-ұйымдастырушы мамандығын алып шықтым. 2002 жылы Алматы үздіксіз білім беру уни-верситетінің экономист мамандығы бойынша тәмамдадым.
Алғашқы еңбек жолым 1978-1980 жылдар аралығында Балқаш ауданы, Көктал ауылы, Көктал кеңшары жұмысшы болып бастадым.
1982-1984 жылдар Алматы қайта өңдеуші емес зауытының инженер-конструкторы қызметі, 1984-1985 жылдар Балқаш ауданы, Көктал ауылы, «Көктал» кеңшары, МТМ бастығы қызметі, 1985-1986 жылдар Балқаш ауданы, Көктал ауылы, «Көктал» совхозы, МТМ бригадирі лауазымына ауыстым. 1986 жылы Көктал ауылы, Көктал кеңшары, гараж меңгерушісі, 1986-1990 жылдары Балқаш ауданы Көктал ауылы, Көктал кеңшары инженер маманы, 1990-1999 жылдары Балқаш ауданы, Көктал ауылы, Көктал кеңшары экспедитор маманы, 1999-2005 жылдары Балқаш ауданы, Көктал ауылы, «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы лауазымы қызметін атқардым. 2005-2015 жылдары Балқаш ауданы, Көктал ауылы «Көктал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкім лауазымына тағайындалдым. 2015-2016 жылдары Балқаш ауданы, Бақанас ауылы «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалының бірінші орынбасары, ал 2016 жылдан қазіргі таңға дейін Балқаш аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келемін.
Балқаш ауданының Құрметті азаматымын.
Отбасылымын, 4 баланың әкесімін.
Құрметті сайлаушылар!
Балқаш ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру аясында 2027 жылға дейін ауданңың елді-мекендерінің сапалы газдандыруға үлес қосу. Осы бағытта мердігер ұйымдардың, пайдаланушы компания инспекторларының осы ауданның тұрғындарымен техникалық шарттарды алу, халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі жеңілдіктерді алу мәселелерін түсіндіру үшін кездесулер өткізу қажет. Газ тарату жүйесіне қосу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жеке секторды газдандыру мәселесі де бүгінгі таңда өзекті болып отырған ауданымыздың экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
2023 жылы Топар ауылындағы Топар орта мектебіне ІТ кабинетін орнату;
Мен Балқаш ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.Жоғарыда аталған барлық мәселелердің шешімін Балқаш ауданын дамыту жоспарын одан әрі жүзеге асырумен әзірлеуден көремін.
Мен де өз елімнің нағыз патриоты ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге көмектесемін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға күш саламын.
2026 жылға дейін Балатопар ауылында қайырымдылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету салаларында волонтерлік қозғалысты дамыту және топ құру;
2027 жылға дейін Топар ауылында қайырымдылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету салаларында волонтерлік қозғалысты дамыту және топ құру.
Жолдардың барлық түрлерін және олардағы қауіпсіздікті, көшелерді жарықтандыруды жақсарту.