ҮМІТКЕР БАЛТАБАЕВ АЙДОС ЖҰМАТАЙҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен Балтабаев Айдос Жұматайұлы Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылында 1979 жылы дүниеге келдім.
Екі жоғары білімім бар. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясында денешынықтыру мұғалімі мамандығын 2001 жылы бітіріп, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін 2016 жылы тарих мамандығын алып шықтым.
Алғашқы еңбек жолымды 2005-2007 жылдары Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылында Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде денешынықтыру пәні мұғалімі болып, ал 2007-2012 жылдар аралығында Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылында Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде педагог ұйымдастырушы лауазымына ауыстым. 2012-2017 жылдар аралығында Желтораңғы ауылында Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2017 жылдан қазіргі таңға дейін Балқаш ауданы, Желтораңғы ауылында Д.А.Қонаев атындағы орта мектебінде директор қызметін атқарып келемін.
Отбасылымын, 4 баланың әкесімін.
Құрметті сайлаушылар!
Басты мақсатымыз – Әділетті Жаңа Қазақстанды құру жолында мен алдыма бірқатар міндеттер қойдым, олардың шешімін аудандық мәслихаттың депутаты ретіндегі қызметім бағыттайды.
Балқаш ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру аясында 2027 жылға дейін ауданның елді-мекендерінің сапалы газдандыруға үлес қосу. Осы бағытта мердігер ұйымдардың, пайдаланушы компания инспекторларының осы ауданның тұрғындарымен техникалық шарттарды алу, халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі жеңілдіктерді алу мәселелерін түсіндіру үшін кездесулер өткізу қажет.
2026 жылы Желтораңғы ауылына, 2027 жылы Ақжар, Топар, ауылындарына қайырымдылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету салаларында волонтерлік қозғалысты дамыту және т.б. 1 волонтерлық топ құру;
Желтораңғы ауылындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектепке 2027 жылға дейін 1 ІТ кабинетін қосу;
2025 жылы Топар ауылында емдеу мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;
Ауыл тұрғындарының адам өмірін қамтамасыз етуге арналған демалыс орындары, сауда нүктелері, қызмет көрсету кәсіпорындары (ателье, шаштараз) және басқа да көптеген мәселелер салу мәселелерін шешу қажет.
2026 жылға дейін Ақжар, Аралтөбе ауылдарында медициналық мекемелердің құр-ылысын бастау;
2027 жылға дейін Желтораңғы ауылында су құбыры желілерін салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру. Халықты орталықтандырылған сумен қамтуды 99,1%-ға немесе 30566 адамға арттыру.
Ақжар ауылына 2023 жылы өрт сөндіру бекеттерін құру.
Ақжар ауылына 2023 жылы мекенде өрт сөндіру бекеттерін құру.
9.2025 жылға дейін Ақжар ауылында, 2027 жылға дейін Желтораңғы ауылында Мәдениет үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жасау үшін ықпал етемін.
Жоғарыда аталған барлық мәселелердің шешімін Балқаш ауданын дамыту жоспарын одан әрі жүзеге асырумен әзірлеуден көремін.
Мен де өз елімнің нағыз патриоты ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге көмектесемін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға күш саламын.