БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №8 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

Бакирова Г.Б..jpeg

ҮМІТКЕР БАКИРОВА ГҮЛМИРА БОЛАТҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Бакирова Гүлмира Болатқызы 1969 жылы Қаратал ауданы, «Ленинский путь» ауылында дүниеге келдім.

1976 жылы Балқаш ауданы, Бақбақты ауылында бірінші сыныпқа бардым. 1986 жылы №1 Жамбыл атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірдім.

Сол жылы Алматы мемлекеттік Медициналық институтына, емдеу факультетіне түстім. 1992 жылы АГМИ-ді тәмамдадым.

1992-1993 жылдар аралығында Қарасай ауданы, Кәскелен қаласында интернатураны бітірдім.

1993-2020 жылдар аралығында Бақбақты дәрігерлік амбулаториясында дәрігер терапевт болып жұмыс атқардым.

2016 жылдан қазіргі таңға дейін Бақбақты дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі болып қызмет атқарып келемін.

2016 жылы Алматы облысының әкімі А.Баталовтан Алғыс хат, 2020 жылы министр Е.Біртановтан «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісін алдым.

 

Құрметті сайлаушылар!

Бәріміздің басты мақсатымыз әлемдік бәсекеге қабілетті қоғам құрып, еліміз дамудың данғыл жолында қарыштап қадам басу үшін жұмыла қызмет атқару.

 Мен медицина саласынының қызметкері болғандықтан алдымен тұрғындарымыздың өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін ауылдық медицинаны материалдық техникалық және көлікпен қамтамасыз ету, ана мен бала өлімін болдырмау мәселелерін кезең-кезеңімен шешуді басты міндетке аламын.

Бірінші кезекте  ауданымыздың ауылдарына жедел жәрдем көліктерін жаңартуға тырысамын. 

Аудан халқының денсаулықтарын нығайту үшін ең бірінші спорт мектептерін салдыру керек. Денсаулығымызды шынықтыру үшін спортпен айналысу маңызды.

Халық пен билік арасында келісім болса, мемлекеттен бөлінген қаражат дұрыс жұмсалса, қаншама ауыл көркейіп, өркендейді.

Балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жастармен үнемі жұмыс жүргізу. «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға жастарды шақырып, бос жұмыс орындарын ұсыну.

 Сонымен қатар Бақбақты ауылының ішкі көшелеріне тасжолдар төселуіне және орталық көшелердің жарықтануына,  ықпал етемін.

Аудан көлемінде интернет желісінің қалыпты жұмыс істеу үшін байланыс саласының мамандарымен бірлесіп жұмыс жасаймын.

Волонтерлар әлеуметтік - экологиялық бағытта жұмыс жасайды. Біріншіден қарттарға, көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетсе, екіншіден ауыл тазалығына, көгалдандыруға атсалысамын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырамын.

Газ тарату жүйесіне қосу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жеке секторды газдандыру мәселесі де бүгінгі таңда өзекті болып отырған ауданымыздың экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Қоршаған ортаны қорғау мәдениетін дамытуды насихаттаймын.

Жоғарыда аталған мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, өзіме сенім білдірген халықтың көңілінен шығу үшін бар күш-жігерімді жұмсап жұмыс істеймін. Қолымнан келетін бар мүмкіндікті пайдаланып, халық денсаулығының қалыпты болуына және ауданның әлеуметтік-экономикасының артуына  барынша үлес қосамын.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр