ҮМІТКЕР ҚАМЗИНА БИБІГҮЛ МҰХАМӘДИҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен Камзина Бибігүл Мұхамәдиқызы Балқаш ауданы, Қарой ауылында 1964 жылы дүниеге келдім.
Абай атындағы КазПИ-ын 1987 жылы ұлттық мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірдім.
Алғашқы еңбек жолымды 1987-1989 жылдар аралығында Балқаш ауданы, Қарой ауылы «Үлгілі» орта мектебінде орыс тілі мұғалімі бойынша бастадым. 1989-1998 жылдар аралығында Қызылорда облысы, Теренөзек ауданында №6 балабақшаның тәрбиешісі қызметін атқардым. 1999-2001жылдар аралығында №1 «Жамбыл» атындағы орта мектептің орыс тілі пәні мұғалімі, 2001-2012 жылдар аралығында «Үлгілі» мектебі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, 2012-2015 жылдар Көкжиде орта мектебінің директоры, 2015-2017 жылдар «Үлгілі» орта мектебінің директоры, ал 2017 жылдан қазіргі таңға дейін №1 Жамбыл орта мектебінің директоры қызметін атқарып келемін.
Отбасылымын, 3 баланың анасымын.
Құрметті сайлаушылар!
Басты мақсатымыз – Әділетті Жаңа Қазақстанды құру жолында мен алдыма бірқатар міндеттер қойдым, олардың шешімін аудандық мәслихаттың депутаты ретіндегі қызметім бағыттайды.
2025 жылға дейін Қарой ауылында қайырымдылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі қарт адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету салаларында волонтерлік қозғалысты дамыту;
2023 жылы Қарой ауылында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру; Қарой ауылында 1 балық өсіру зауыты және Қарой ауылында «Карой Шильф» ЖШС құрылыс материалдарының өндірісі (ламинат, паркет, қағаз қап), (қуаты ауысымына 14 тонна өнім), «Қарой Шильф» ЖШС қамысты терең өңдеу зауытын ашу.
Жолдардың барлық түрлерін және олардағы қауіпсіздікті, көшелерді жарықтандыруды жақсарту;
Балқаш ауданында адам өмірін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің болмауына байланысты сауда нүктелері; қоғамдық тамақтандыру объектілері, қызмет көрсету кәсіпорындары (ателье, шаштараз) және басқа да көптеген мәселелер.
2023 жылы Қарой ауылындағы бір көшені орташа жөңдеуден өткізу;
Көктал ауылындағы бір көшеге орташа жөңдеу жұмыстарын 2026 жылға дейін бастау;
2023 жылы Көктал ауылында өрт сөндіру бекеттерін құруға ықпал ету;
Қарой ауылындағы Арыстан автомобиль көпірін 2023 күрделі жөңдеуден өткізуге жәрдемдесемін. Жоғарыда аталған барлық мәселелердің шешімін Балқаш ауданын дамыту жоспарын одан әрі жүзеге асырумен әзірлеуден көремін.
Шалғай ауылдың негізгі тірегі мектеп болғандықтан, мектептің тұрақты жұмыс жасап, жас ұрпаққа сапалы білім беруге, мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардың тәрбиесіне мән бере отырып, олардың жазғы демалысын тұрақты ұйымдастыруды қолға аламын.
Мен де өз елімнің нағыз патриоты ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге көмектесемін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға күш саламын.
Мен Балқаш ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.
Біз бірге алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізуге аянбай еңбек етемін.