ҮМІТКЕР ЖАКУПОВА ГУЛМИРА ҚАБЫЛТАЙҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен Жакупова Гулмира Қабылтайқызы 1973 жылы Балқаш ауданы,Бақанас ауылында өмірге келдім.1979 жылы Бақанас орта мектебінің 1-ші сыныбына мектепке барып, 1989 жылы мектепті «Күміс белгімен» бітірдім. 1989-1990 жылдар аралығында Бақанас орта мектебінде пионервожатый ретінде еңбек жолымды бастадым . 1990-1992 жылдары Алматы қаласындағы Бизнес колледжінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» факультетінің бухгалтер мамандығын «Үздік белгімен» аяқтадым. 1992-1993 жылдары Балқаш аудандық тұтынушылар қоғамында есепші болып жұмыс жасадым. 1993-1996 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Басқару Академиясының «Бухгалтерлік есеп және аудит» факультетінің бухгалтер-экономист мамандығын алдым. 1998 жылдың наурыз айынан бастап Балқаш ауданы бойынша зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығында маман ретінде жұмысқа қабылданып, еңбек жолымды жалғастырдым. 2009-2010 жылдары Балқаш аудандық территориалдық инспекциясында бас маман-есепші қызметін атқардым. 2011 жылдың тамыз айынан бастап Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығына бас маман ретінде жұмысқа қабылдандым. 2012 жылдың наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін Балқаш ауданы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарып отырмын.
Отбасылымын, 5 баланың анасымын.
Құрметті сайлаушылар!
Балқаш аудандық мәслихат депутат-тығына үміткер ретінде алдыма нақты міндеттер қойып, оны жүзеге асыруға өз үлесімді қосуға еңбек етемін.
Басты мақсатымыз – Әділ Қазақстанды құру. Соның жолында көтерілетін мәселелер бойынша мен алдыма бірқатар міндеттер қойдым:
Балқаш ауданы бойынша 2027 жылға дейін Ақдала ауылы, Бура, Үшжарма елді- мекендерінің сапалы газдандыруға үлес қосу. Осы бағытта мердігер ұйымдардың, пайдаланушы компания инспекторларының осы ауданның тұрғындарымен техникалық шарттарды алу, халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі жеңілдіктерді алу мәселелерін түсіндіру үшін кездесулер ұйымдастырып, жұмыс жасау. Бұл жеке секторды газдандыру мәселесі де бүгінгі таңда өзекті болып отырған ауданымыздың экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік сала - бұл халықтың негізгі әлеуметтік қажеттіліктеріне қызмет ететін өндірістердің жиынтығы. Әлеуметтік салаға адам өмірін қамтамасыз ететін барлық нәрсе кіреді.
Менің міндетім мемлекеттен түсетін барлық төлемдер мен қаржылық қолдау мен жәрдемақыларды барлық әлеуметтік топтарға дұрыс жеткізу, сонымен бірге есептеулерін және төлемдерін жүргізу болып табылады . Мемлекетпен қарастырылған барлық шараларды халыққа түсіндіру, әлеуметтік қолдауға сүйенетін әрбір тұрғынға қол жеткізу үшін қызмет жасау, сонымен бірге қолдау шаралары бойынша халықтың ұсыныстарын мемлекеттік органдарға жеткізу және мемлекет пен мемлекеттің көмегіне мұқтаж адамдардың арасында алтын көпір ретінде қызмет ету.
Сонымен қатар ауданымыздың экологиялық жағдайын жақсартуға, заңсыз күл-қоқыс төгу жерлерін жоюға және қатты қалдықтарды төгу орнын қалпына келтіруге жұмыс атқаруға ат- салысамын. Қазіргі таңда ауданымызға тартылып жатқан газ құбырлары арқылы Ақдала, Бура және Үшжарма ауылдарының халқына тартылатын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қол ұшымды беремін.