БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №7 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

Асқар.jpg

ҮМІТКЕРИБРАЕВ АСҚАР СЕРІКЖАНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Ибраев Асқар Серикжанұлы 1964 жылы дүниеге келдім.

2010 жылы Алматы қаласындағы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институтын құрылысшы мамандығында оқып бітірдім. 1981-1985 жж. Семей қаласындағы құрылыс техникумына оқуға түстім.

Алғаш еңбек жолымда 1985-1985 жж. Алматы қаласы Қалалық құрылыс басқармасына өндірістік тәжірибеге 1 разрядты жолшы болып қабылдандым.

1985-1985 жж. 2 разрядты жол жұмысшысы болып тағайындалдым.

1985-1985 жж. Бакалавриат практикасына ауыстырылдым.

1984-1986 жж. Кеңес әскері қатарында Отан алдында борышымды өтедім. 

1986-1987 жж. №34 жол пайдалану учаскесінің жол шебері, ал 1987-1988 жж. ӨҚБ басшысы бұйрықты орындау үшін Алматы қаласы ӨАО-ның қарауына берілді.

1988-1997 жж.  Балқаш ауданы, Бақанас ауылындағы  Балқаш ауданы жолының бас инженері болып тағайындалдым.

1997-2000 жж. Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы Балқаш ДЭУ басшысы ретінде қызмет атқардым. 2000 жылдан қазіргі таңға дейін Бақанас ауылындағы «Балқаш жолдары» ЖШС-нің директоры болып қызмет атқарамын.

 

Отбасылымын, 3 баламның әкесімін.

 

Құрметті сайлаушылар!

Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы Береке ауылында өрт сөндіру бекеттерін құру үшін жағдай жасау;

2023 жылы Береке ауылында 1 көшені, 2024 және 2025 жылдары Аралтөбе ауылында 2 көшені, Ақкөл ауылында 1 көшені, 2027 жылы Көкжиде ауылындағы 1 көшені толықтай жөндеуден өткізуге жәрдемдесу;

Жолдардың барлық түрлерін және олардағы қауіпсіздікті, көшелерді жарықтандыруды жақсарту;

Береке ауылында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін 2026 жылға дейін бейімдеу бағытында қызметтердін қол- жетімділігіне арналған нысанды Береке орта мектебіне орнатуға бар күшімді саламын; Таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Ақкөл ауылының су құбыры желісінің құрылысын қолға аламын.

Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту және ауылшаруашылық саласын дамыту мақсатында, өзі қосалқы шаруашылығын дамыту бағытында 2,5 жылдық пайызбен несиені алуға жәрдемдесемін.

Ақкөл, Береке және Ақжар ауылдық округтері бойынша адам өмірін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне медициналық нысанға және балабақша, мектепті жөндеуден өткізу, спорт нысанын болмауына байланысты (стадион) салу, ішкі көшелерді орташа жөндеуден өткізу, демалыс орындары, сауда нүктелерін қоғамдық тамақтандыру объектілері, қызмет көрсету кәсіпорындарын  және басқа да көптеген мәселелерді қолға алу.

Жоғарыда аталған барлық мәселелердің шешімін Балқаш ауданын дамыту жоспарын одан әрі жүзеге асырумен әзірлеуден көремін.

Мен Балқаш ауданы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсарту бойынша алға қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР