БАЛҚАШ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №5 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША

Толегенова С.А..jpeg

ҮМІТКЕР ТӨЛЕГЕНОВА СӘУЛЕ ӘБДІРЕШҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті сайлаушылар!

Мен Төлегенова Сәуле Әбдірешқызы   1982 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылында дүниеге келдім.

2004 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бастауыш сынып мұғалімі мамандығы боынша бітірдім.

Алғашқы еңбек жолымды 2003-2005 жылдар аралығында Қарағаш орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастадым.

2006-2008 жылдары Атырау облысы, Жылой ауданы, Құлсары қаласы Е.Халықов атындағы бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқардым.

2009-2021 жылдар аралығында Қарағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еттім. 2021 жылдан қазіргі таңға дейін Қарағаш орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін

 Өзімнің еңбек жолымда SERPIN ұлттық білім және инновация палатасының «Құрмет грамотасы», сонымен қатар аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталдым.

Отбасылымын, 2 баланың анасымын.

Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Жаңа Қазақстанды құру болғандықтан мен өз алдыма бірқатар міндеттерді қойдым. 

Сайлауалды бағдарламамды жүзеге асыру аясында 2027 жылға дейін ауданның елді -мекендерін сапалы газдандыруға үлес қосу. Осы бағытта мердігер ұйымдардың, пайдаланушы компания инспекторларының осы ауданның тұрғындарымен техникалық - шарттарды алу, халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі жеңілдіктерді алу мәселелерін түсіндіру үшін кездесулер өткізу қажет. Газ тарату жүйесіне қосу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл жеке секторды газдандыру мәселесі де бүгінгі таңда өзекті болып отырған ауданымыздың экологиялық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Бақанас ауылында 2023 жылы инвес-тициялық жобаларды жүзеге асыру;

 Бақанас ауылындағы 5 қабатты 40 пәтерлі ИКС жалға берілетін тұрғын үй құрылысын 2023 жылы бастауға жәрдемдесемін;

Жолдардың барлық түрлерін және олардағы қауіпсіздікті, көшелерді жарықтан-дыруды жақсарту;

Балқаш ауданында адам өмірін қамтама-сыз етуге арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің болмауына байланысты медициналық ұйымдарды (емханалар, ауруханалар), балабақшалар, мектептер, мәдениет нысандары, спорт нысандары (стадиондар, балалар алаңдары, велосипедтер) салу мәселелерін шешу қажет. Жолдар және т.б.), демалыс орындары (саябақтар, скверлер, ойын алаңдары және т.б.), сауда нүктелері; қоғамдық тамақтандыру объектілері (асханалар, кафелер, мейрамханалар және т.б.), қызмет көрсету кәсіпорындары (ателье, шаштараз) және басқа да көптеген мәселелер.

2024 жылға дейін Бақанас ауылында 35 жалға берілетін тұрғын үй құрылысының басталуына ықпал етемін;

Бақанас ауылындағы кәріз желілері мен тазарту құрылыстарының құрылысын қайта жаңғыртуға қол жеткіземіз;

Аудан орталығы Бақанас ауылынан бастап, барлық ауылдық округтерді қамтитын барлық рұқсат етілмеген үйінділерді жою шараларын қабылдаймыз.

Мен де өз елімнің нағыз патриоты ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын құруға және оның деңгейін төмендетуге көмектесемін, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға күш саламын.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР